Талдықорғандағы саяжайлардың бірінен өңірдің полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облыстық департаментіндегі жедел уәкілдерімен бірлесіп ірі қару қоймасын анықтады.


«Қоймадан «Сайга» карабині, «ИЖ-56» аралас мылтығының кесіндісі, сигналдық револьвер, тапанша, сонымен қатар 100-ден астам түрлі калибрлі патрондар, 13 гильза, кісен және кобура тәркіленді», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

КТК телеарнасы