Маңғыстау облысында кәсіпкердің 1 млн теңгесін жымқырған мемлекеттік қызметші бас бостандығынан айырылды,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі Azattyq Rýhyна сілтеме жасап.

Сотталушы Мұнайлы ауданы  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған. Ол тұрмыстық қалдықтарды өңдеу саласында бизнес ашқысы келген тұрғынды өз қамқорлығына алған. Соны сылтауратып, пара сұраған. Судья әкімдіктің бұрынғы қызметкерін мемлекеттік салада қызмет атқару құқығынан да айырды. Бірақ үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 «Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігі негізінде белгілі бір лауазымдар немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Мұнайлы аудандық сотының судьясы Замира Махитова.