Құрметті оқырмандар, мен сіздерге бүгін өз басымдағы жайғдайымды айтып бергім келеді. Жасым 33-те, тұрмыстамын, бір ұл, бір қызым бар.

Түсінікті болу үшін бәрін басынан бастап баяндайын. Мен колледж бітіріп, Астана қаласына жұмыс іздеп келдім. 23-жасымда тұрмыс құрып, тұңғыш ұлымды дүниеге әкелдім. Жолдасыммен дəм-тұзымыз жараспай ажырастық. Тұрмысқа шықпай тұрып-ақ ол жігіттін арақ құмар екенін білетінмін.

Бірақ неге екенін өзім де білмеймін, соны біле тұра тұрмысқа шықтым. Үйленген күннен бастап қалай жүйке-жүйем тозғанын ойласам шашым тік тұрады. Аяғым ауыр, жұмыстан үйге бара жатып, "неге соған күйеуге шықтым неге" деп жылайтынмын. Ол үйде жұмыс істемей жататын, түнімен қыдырып, таңертен удай мас болып келетін. Сол қылығына ұялмайды да, мен күйіп кетіп жыласам кешірім де сұрамайтын.

 

Бəріне іштен тынып жүрдім. Анам момын адам ештеңемен ісі жоқ, араласпайды да, ақыл да айтпайды, келмейді де. Əлі солай. Қош, əйтеуір ажырастым, одан құтылғаныма қуандым.

 

Бірақ бұнымен əлі ештеңе біткен жоқ. Баламды анама қалдырып жұмыс істедім. Табысым өте жақсы болды. Үйге ақшалай көмек көрсетіп ата-анама, ағама үй салыстым.

 

2008 жылы жұмыссыз қалдым. Ата-анам да бəрі де өзгеріп кетті аяқ асты. Маған қалаға бар жұмысқа кір деп қоимай қойды.

 

Мама қалада дайын тұрған жұмыс жоқ қоя тұрайын кішкене дедім. Болмай қойған соң қалаға кеттім ақыры. Көп ұзамай мына балаңды біз қарай алмаймыз деп əкеп тастады. Не үйім жоқ, не жұмысым жоқ баламен далада қалдым.

Əбдəн тісімді қайрадым. Енді табысымды ешкімге бермей лашық қора болса да өзіме аламын дедім.

 

Ұлымды апайыма тастап өзім Астанаға қайта кеттім жұмыс іздеп. Таптым, күндіз жұмыс істеп. Түнде жұмысшылармен бірге стройканын подвалында тұрдық. Сөйтіп жүріп 6-ай жазда өзімнің туған қаламнан бір бөлме сатып алдым. Бір күні үйге барсам ұлым ауырып жатыр екен. Ешкім балаға қарамаған сияқты киімдері кір-кір. Əкем маған ұрсып балаңда түк тəрбие жоқ деп айғайлады. Ақыры баламды ол үйден де алып кеттім.

 

Астанаға келдік, ұлымды үйге жалғыз қалдырып жұмысқа барып жүрдім.

 

Сөйтіп жүргенде қазіргі жолдасымды жолықтырдым. Меннен 5-жас кіші мен сияқты ажырасқан балалы болып үлгермепті де. 2-жыл болды жақсы тұрып жатырмыз бір қыз тудым одан. Арақ ішпейді, жүріс жасамайды, оған сенімдімін. Үй салып жатырмыз. Бірақ ақшаны жақсы көретін сияқты. Менім ақшамды санамайды. Өзім жұмсаймын өзіме, бір нəрсе алмаймын, екеуміздің кредитімізді төлеймін жəне қайын ағамнын кредитін төлейміз бірге. Қалғаны үйге жəне балаларға. Мен онын табысын мүлде үстамаймын да, оның кредиті мен қарызынан аспай да қалады. Көбінесе мен көмектесемін оған.

 

Көбінесе мені əр түрлі ойлар мазалайды. Мен ақшалай көмек көрсетіп, оның туыстарының алдында қызмет жасасам ғана мені жақсы көретін сияқты. Ал жай бар болғаным үшін емес. Егер қызмет етпей жəне оған масыл болып отырсам жек көріп кететін шығар.

 

Ұлыма келетін болсам. Ол оны папалап тұрады. Бұзық балам оның алдында моп-момын болып айтқандарының бəрін бұлжытпай істейді.

 

Ал ол болса көп еркелетпейді. Көп ескертулер жасайды. Бірақ қол көтерген емес. Мен жоқта тамағын сатып əкеп болса да қарынын тойдырып қояды. Бір жерге кетсе баланың қалы қалай сұрадың ба? Сөйлестің бе? деп айтады. Көбінесе ұсақ-түйекке ұрсысып қала береміз. Бала үшін де. Мен оның алдында дауыс көтермеу керек екенмін. Жұмыстан шаршап өлейін деп келсем де үй шаруасына мүлде көмектеспейді ол қаттынның шаруасы дейді. Мен үйге де жұмысқа да үлгеруім керек. Істемесең өзін біл дейді. Оған қырсығам деп баламды аш қалтырмаймын ғой. Қабағымды түйіп жүріп үй жинап тамақ жасаймын. Бəрін тындырып кеш жатып ерте тұрып жұмысыма кетемін . Кейде өле қалғым келеді.Ешкім жақсы көріп, алақанына салып аялап тұрмаған соң өмірдің не қажеті бар. Бірақ балаларымды аяймын. Туыстардан да, ата-анамнан да көңілім қалды. Қалай күліп жүріп өмір сүруге болады? Үйретіндерші маған.

 



                                                                                                                                                                                                             Аида, Астана 

                                                                                                                                                                                                            alashainasy.kz/