Үстімздегі жылдың шілде айының бірінен бастап Ақтау және Мұналы ауданында "Сергек" қоғамдық және жол қауіпсіздігін бейнебақылаудың зияткерлік жүйесі іске қосылады,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, өңірдегі жол ережесін бұзудың алдын алуда аталған бейнебақылау камералары аса маңызды болып отыр. 

Қазақстандық әзірлеушілердің "Сергек" өнімін орнату бірінші кезекте жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған. Ақтауда жолдардағы қауіпсіздікті 638 камера, ал Мұнайлы ауданында – 500 камера бақылайды, - деп жазылған басқарманың ақпаратында