Абай облысында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр Абай облысында мамандар орман өртін сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

«Өртті сөндіруге ТЖМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігнен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1800 жуық адам, 350 астам техника жұмылдырылған.

Өткен тәулікте барлығы 535 рет көлемі 1 600-ға жуық тоннадан астам су ағызылды. Өрт басталғалы бері барлығы 1450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су ағызылды», – деп жазылған Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.