2023 жылғы 9 маусымынан бері Долан орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архипов хабар-ошарсыз кетті.

Әлеуметтік желіде тараған хабарламада 1987 жылы туған орман шаруашылығы қызметкері Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге барғаны айтылады.

"Іздестіру жұмыстарына көмек сұраймыз. Трактор нөмірі – F 937 ARE. Шақыру белгісі – "Марал 61". Қаштаққа "Семей орманы" резерватының Долан бөлімшесінен орман өртін сөндіруге кеткен. Соңғы рет 9-ы күні хабарласқан. Содан бері хабар-ошар жоқ.

Көрген-білгендер болса, +7 771 582 2159 нөміріне хабарласыңыз", – делінген хабарламада. Абай облысының әкімдігі ақпаратты растады: 11 маусымдағы жағдай бойынша ер адам байланысқа шықпаған.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысындағы өрт салдарынан 14 адам жоғалып, артынша олар өлі табылған болатын. 12 маусым Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

КТК арнасы