фото скриншот видеодан

Көкшетауда адам бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

Көкшетауда адам бопсалаумен айналысқан, бұрын сотты болған 39 жастағы күдікті ұсталды,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі polisia.kzке сілтеме жасап.

Күдікті танысынан 400 мың теңге ақша талап ететіні және ол бас тартқан жағдайда физикалық зорлық-зомбылық жасаймын деп қауіп төндіретіндігі белгілі болды.

Күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны, бірнеше жыл бұрын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны және ресми түрде еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды.

Жеке тінту кезінде құқық қорғау органдары ұсталған адамнан ақша, суық қару, сондай-ақ синтетикалық есірткіге ұқсас зат тәркіледі. Тыйым салынған заттың құрамы мен салмағын сараптама анықтайтын болады. "Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ұсталып, уақтыша ұстау оқшаулағышына қамалды", - делінген ведомствоның мәліметінде.