Алматыда жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталды.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сонымен қатар қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.