Мәдениет пен менталитеттің әртүрлі болғанына қарамастан дүниежүзіндегі барлық әйел күйеуінен бірдей нәрсені жасырын ұстайды екен.
 
Біреулер өз-өзіне сенімсіздік танытқаны үшін, ал біреулер екінші жартысынан сескенгендіктен сезімін ашып айта алмайды. Осы орайда біз нәзікжандылар жасырын ұстайтын 5 құпияны аштық.

Жыныстық қатынас
Көптеген ерлі-зайыптылар жыныстық қатынас тақырыбын қозғағанды ұнатпайды. Соның салдарынан жұпта біреуі жыныстық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Әйелдер өз сезімін басып, ер адамның қалауына көбірек мойынсұнады. Ал еркектер жұбайларының нені қалайтынын нақты білмей жүре беруі мүмкін. Абзалы, жарыңызбен төсек қатынасы жайлы ашық сөйлесіп, тілдесіңіз.

Толағай жетістіктер
Ер азаматпен әңгімелесу барысында көптеген қыз-келіншектер жұмысында жеткен табыстарын жасыруға тырысады екен. Олар осылайша ерінің эгосын төмендетіп алудан қорқады. Алайда мұндай қорқынышқа ненің себеп болғанын, еріңізді жетістіктеріңіз неліктен ашуландыратынын анықтап алған жөн. Ол осы күнге дейін сізді төмендету арқылы өзін қанағаттандырып жүрген болуы мүмкін.

Денсаулық мәселесі

Қос ғашық бірін-бірі үнемі қолдап, түсіністік танытып отыруы тиіс. Ал сырқаттанып қалған жағдайда жақыныңның қолдауы, тіпті, маңызды. Көп жағдайда нәзікжандылар еріне салмақ салмау үшін сырқаттарын жасырып жүре береді. Дейтұрғанмен сүйікті адамыңа қамқорлық жасау – махаббаттың бірден бір көрсеткіші. «Ауруын жасырған өледі» демекші кез келген мәселені жарыңызбен бірге ақылдасып, шешіңіз.

Артық қаражат

Нәзікжандылар екінші жартысынан артық ақшасының барын жасырып жүреді. Әдетте олардың күйеулері білмейтін бірнеше банк карталары болады екен. Әйелі жарына қанша жалақы алатынын да айтпай қоюы мүмкін. Бұл қылығымен нәзікжандылар күйеуіне және отбасының болашағына сенімсіздікпен қарайтынын көрсетеді.

Құрбылармен кеңесу
Ерлі-зайыптылар арасында қандай да бір түйткілді мәселе туындай қалса, нәзікжандылар оны шешу үшін психологтың немесе құрбыларының көмегіне жүгінеді. Білікті мамандарға қарағанда жақын құрбыларына көбірек сенім артатын арулар жеке өміріндегі барлық жағдайды тәптіштеп айтып беруі мүмкін. Алайда әр кез олардан тұшымды жауап алады деп сеніммен айта алмаймыз.