Көпшілік интернетті заңмен қарастырылмайтын еркін аймақ деп ойлайды. Алайда бұл олай емес. Заң моральдық зиян келтірілген немесе ар-намысына, абыройына нұқсан келген желі қолданушыларын қорғайды. Қазақстанда желіде біреуге тіл тигізгеніңіз үшін қандай жауапкершілік қарастырылған? Бұл сұраққа заңгер Надежда Гельдт жауап берді, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі "Tengri Life"-ке сілтеме жасап.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 131-бабына сәйкес, көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін, соның ішінде интернетті пайдалана отырып, басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту жазаланады:

  • Немесе 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 73-3 Кодексі бойынша, көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқаны үшін мынадай жазалау шаралары қарастырылған:

  • Физикалық тұлға үшін 180 МРП (664 560 теңге) мөлшеріндегі айыппұл немесе 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу;
  • Лауазымды тұлға үшін 650 МРП (2 399 800 теңге) мөлшеріндегі айыппұл немесе 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу;

Өзіңізді қалай қорғай аласыз?

Заңгер Надежда Гельдттің айтуынша, жәбірленуші барлық дәлелдерді ұсынуы керек. Алдымен сіз құқық бұзушылық фактісін белгілеуіңіз керек: скриншот немесе экран жазбасын жасаңыз. Содан соң оларды нотариуста куәландырыңыз.

"Нотариус мәлімдеме бойынша дәлелдемелерді тексереді, ақпаратты құжаттайды: мәтінді басып шығарады, суретке түсіреді немесе экранның скриншоттарын жасайды, сурет қосымшаларымен дәлелдемелерді тексеру хаттамасын жасайды.

Содан соң филолог сарапшысына немесе лингвистке жүгіну ұсынылады. Ол мәлімдемелер бойынша қорытынды жасайды, яғни хабарламаның шынымен де қорлаушы және әдепсіз сипатта екенін анықтайды. Бұл жерде сот мәлімдемені жалпы қабылданған нормалар тұрғысынан бағалайтынын ескеру маңызды", - дейді Надежда Гельдт.

Жәбірленуші өз құқықтарын қорғау үшін, яғни моральдық немесе материалдық залалды өндіріп алу үшін азаматтық сотқа жүгінуге құқылы. Сот отырысы барысында жәбірленуші өзіне қандай моральдық зиян келгенін айтуы керек. Сот өтемақыны дәлелдемелерге қарай белгілейді.