ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Бүгінгі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды.

 

Айыпталып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

«Былтыр маусым айында ол адамдар тобында алдын ала сөз байласып, бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы салмағы 60 кг-ға жуық героин мен салмағы 10 кг-нан асатын гашиш контрабандасын ұйымдастырды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды», – делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Былтыр тамызда қылмысқа қатысы бар деп күдікке ілінген азамат Мәскеуде ұсталды. Кейінірек, ол  ҚР Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.