Халықаралық іздеуде жүрген 3 адамды тауып, Бас прокуратура сотталуына ықпал етті.

Прокуратура органдарының бағыттарының бірі халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласы болып табылады.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін елордада қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 8 қылмыскер экстрадицияланды.

Қазіргі таңда экстрадицияланғандардың үшеуі сотталды. Telegram қосымшасын пайдалану арқылы «мефедрон» психотроптық затын ірі көлемде заңсыз сатқаны үшін іздеудегі қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол 2 жыл бойы іздеуде болған. Екінші айыпталушы қаржылық пирамида құрып, оған азаматтардан заңсыз үлестік жарна алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Келген шығын — 85 млн теңгеден астам. Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны үшін 7 жылға сотталды. Елорда прокуратурасы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласында құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тұрақты негізде үйлестіреді.