Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болады.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланды. Мереке тізімдеріне толықтырулардың тиісті жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі. 

Яғни енді Қазақстанда Азаматтық авиация қызметкерлері күні - 1 ақпанда, Бұрғылаушылар күні - қарашаның үшінші сенбісі тойланбақ. 

 

Алматы облысы Балқаш ауданында жағаұстатар жағдай болған еді. "Астарлы ақиқат" бағдарламасында осы жайтқа қатысты сұмдық деректер айтылды, - деп хабарлайды el24.kz  тілшісі Massaget.kzке сілтеме жасап.
 
Ауыл белсендісі бағдарлама барысында осы отбасына қатысты жайттарды айтты. Оның сөзінше, егіздің анасы Алтынай балаларын өз анасы Нұржамалға, яғни нағашы әжесіне тастап, жұмысқа кетіп жүрген. Ал сұмдық жайт болғанын естіген ауыл тұрғындары жиналып, құзырлы органдардың алдында дейін барған.

 

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың басшылығымен өткен кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелері талқыланды, деп жазады бұл туралы primeminister.kz.

 

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді. 

Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды. Жоба аясында кеңселер ашылады: барлық облыс орталықтарында; республикалық маңызы бар қалаларда. Орталық кеңсе Астана қаласында орналасады.

 

Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияларды өткізді- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

Психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен үш азамат ұсталды.