Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда жетінші сайланған Парламенттің екінші сессиясы ресми түрде жабылды.

 

Алтыншы Каспий саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз жағалауында орналасқан елдерге өңірлік азық-түлік хабын құруды ұсынды.

 

Петропавлдағы дәмханалардың бірінде демалушылар арасында жанжал шығып, салдарынан қаланың үш тұрғыны ауыр жарақаттанды.

 

Беделді әлемдік LANCET журналында қазақстандық ғалымдар әзірлеп шығарған QazVac вакцинасының клиникалық сынақтары III кезеңінің нәтижелері жарияланды.

                                                                                                     фото скриншот ктк

Шара қолдану президент әкімшілігінің құзырында! Швейцариялық сағатының бағасын сұраған тілшілерден тұра қашқан Қызылорда облысының әкімі әрекетіне қатысты вице-премьер Ералы Тоғжанов бүгін осылай деді. Дегенмен, әкімдер, жалпы шенеунік атаулы қарапайым болу керек дейді Үкімет басшысының орынбасары.