Қарағандыда ерекше акция өтті.
 
Полицейлер мен кинологтар қызметтік иттермен бірге қала көшелерінде қыздарды мерекесімен құттықтады. Қарағандыда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарағанды облысы полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен бірлесіп қала көшелерінде «Сэра» деп аталатын қызметтік-іздестіру иттерін жұмылдырып, ерекше құттықтау акциясын өткізді. Іс-шара барысында «Сэра» өтіп бара жатқан қыздарға және әйелдерге гүл сыйлады. 

Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Президент дүйсенбі күні барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс екенін айтты.

 

Саяси кеңес бюросы отырысынан кейін шамамен екі аптадан соң партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болады

 Елордада 5 наурыз күні тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын өткізеді. 

 
Мессенжерде коронавирус туралы жалған хабар таратқан Жаңаөзен қалалық ауруханасының медбикесі елден кешірім сұрады.

Бүгін Жаңаөзен ауруханасында коронавирус жұқтырған адам бар деген хабар WhatsApp арқылы тез тарап кетті.

 

Қазақстандықтар WhatsApp-та әкімдік қызметкерлері делінген адамдардың пәтерлерді тонап жүргені жайлы хабарламаларды таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары мен Статистика комитетінің өкілдері осы хабарламаларға қатысты пікір білдірді.

Ақмола облыстық полиция департаментінің өкілдері Ақмолада халық санағы жүргізілмегенін және пәтер тонау деректері анықталмағанын айтты.