Ульяновск қаласының соты балгер әйелді өлтірген жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімін шығарды. 

Күдікті 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ресейдің Ульяновск облысы бойынша тергеу комитетінің тергеу басқармасы.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың 4 мамырында 56 жастағы әйел мас күйде өзінің танысының мойнына пышап сұғып алған.

Жарақат салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапқан. Қылмыс жәбірленушінің пәтерінде болған. Күдікті пәтерден 3 ұялы телефоны мен 125 мың рубль (725 мың теңге шамасында) ақшасын алып кеткен. Ал пышақты жақын маңда автобус аялдамасындағы бұталардың арасына лақтырып жіберіпті. Кейін күдікті жасаған қылмысын мойындады.

Ол тергеушілерге балгермен таныс болғанын, қаза тапқан әйел оған 3 жыл бойы үйіндегі мәселелерді шешемін деп уәде беріп келгенін айтқан. Күдікті пен жәбірленушінің арасындағы жанжал ақшадан басталыпты. 56 жастағы әйел балгерден төленген ақшаның бір бөлігін қайтаруды талап еткен. 

Дереккөз:  Sputniknews.kz/