55 жастағы Марк Шанд күтпеген жерден миллионер болып шыға келді.  

Ол 1986 жылы бойжеткенді өлтірді деген айыппен абақтыға қамалған. Бірақ оның ешқандай жазығы болмаған. Барлық куәгерлер оның кінәлі екенін айтып, куәлік берген.

Куәгерлерді біреулер сатып алған болуы мүмкін. Осылайша Марк Шанд өмір бойы бас бостандығынан айырылып, сотталып кете барған. Бірақ уақыт өте келе басқа фактілер ашыла бастаған. Куәгерлер Марктің кінәлі екеніне толық сенімді еместіктерін айтып, бастапқы жауаптарынан айни бастаған. Тергеушілер 27 жылдан кейін Шандтың ісін қайта қарап, оның кінәлі еместігін анықтаған. Осылайша ол бостандыққа шығып, моральдық шығын алуға арыз берген. Сот бұл жолы оның арызын қанағаттандырып, 27 млн доллар төлеуге үкім шығарған. Бөлісу: 

 ktk.kz