33 жастағы ер адам шілде айында өзін жайсыз сезінген.

Қыркүйекте өзінің айықпас дертке шалдыққанын білді. Ұлыбританияның Нортгемптон қаласында әл үстінде жатқан науқас ауруханада үйлену тойын жасады. Шілде айында 33 жастағы Гэри Смарттың денсаулығының сыр бере бастаған. Оның кеуде қуысы ауыра бастапты. 


Дұрыс ұйықтай алмай, жүдеп кеткен. Қыркүйек айының соңында дәрігерлер оған өкпе қатерлі ісігінің асқынған түрі деген диагноз қойған. Мамандар оның өмір сүруіне бірнеше күн қалғанын айтыпты, деп жазады sputniknews.kz .

Осыдан соң, Гэри Смарт бұл өмірден неке қимай кеткісі келмейтінін айтқан. Сондықтан айықпас дертке шалдыққан науқастың үйлену тойы ауруханада өтіпті. Оның жанында туыстары мен жақындары болған. Шіркеу қызметкері Гэри мен 31 жастағы Лаураның некесін қиған. "Ол маған үйлену антын беріп, саусағыма жүзік тақты. Сосын екеуміз бірге фильм көрдік. Ол көліктерге қатты қызығатын", - дейді Лаура. Сегіз сағаттан соң, Гэри Смарт қайтыс болды.