Түркияда зілзаладан зардап шеккендер саны 34 мыңнан асты, тағы да жер сілкінді Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алды.


Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) апат аймағындағы соңғы мәліметтерді жариялады. Сонымен қатар бүгін жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:22 Түркияда 4 балдық тағы да жер сілкінісі болды.