Сәламатсызба ! Қалдарыңыз қалай? Сіздердің "Сырласу" айдарындағы хаттарды оқып тұрамын.Менде өмірімде болып жатқан жайт жайында ой бөліскім келді.Атымды, қай қаладан екенімді жазбай -ақ қояйын.Құпия болып қалу үшін эл.поштамен хат жолдап отырмын. Мендегі мәселе Енем... Атам қайтыс болды .Қайтыс болғанына 8 ай . Бұл жүзі өтпей жатып неше түрлі жігіт тауып алды.

Енемнің жасы елуде. 9 немересі бар .11 жаста қызы бар. Адамда сәл де болса ұят болу керек қой .9 немересі, екі келінінің қасында бапталып отырмай ма? 50- ден асқан адамға шалдың не керегі бар ? Түсінбеймін. Біз бірге тұрамыз. Бір ұл ,бір қызым бар.

Ана жігіт 37- де алам дейді екен, сөйлескенін көрсеңіз енді, біз күйеуіміз екеуіміз олай сөйлеспеген шығармыз(сені маған таңірдің өзі берген, жаным жүрегім сағындым) деген сөздер жазады бір- біріне.

Ана жігіт үйленбеген . Ал онымен ұрысып калдыма бізді қырады, онымен тату болса бәрі жақсы күшті ,өзімен -өзі отыра береді. Сол жігтімен дұрыс болмай калдыма, бізді қырады.Кенже ұлдың келіншегі болғасын мен енеммен бірге тұрамын.Бұл жайтты менен басқа ешкім білмейді. Енемнің түрленіп жас жігітпен махаббат болып жүргенін басқаларға айту ұят сияқты.Оның ісіне мен ұяламын.   

 Қызымен көрші тұрамыз, қайын апаммен, 89 жылғы отбасы бар өзімен- өзі .Қайынағам 91 жылғы ол қалада тұрады. Ол да  өзімен -өзі. Енді осыны айтқаным дұрыс па, бұрыс па? Осы бастан айтып арасын ашып алайын ба ? Басым қатты .Тіптен 50- ден асты, жан- жағы түгел, ұл- қызы бар, немерелері бар. Бір аяғы анда, бір аяғы мында отырған  әйел,  байды не қылады ? Басына бәле қылып түсінбеймін, ең болмаса атамның жылы өткесін сөйлессе де  болады ғой. Әруағында сыйламайды атамның, атам өте жақсы адам еді.Атамды бұлай тез ұмытады деп ойламаппын.Немересіне ақыл айтып отыратын жасында мына жүрісі дұрыс па ?