Айжан Байзақова инстаграмдағы парақшасында әкесіндей ер адамдармен көңіл жарастырған қыздар туралы жазып, пікірін білдірді.

«Мені Құдай өзі кешірсін. Мен мұндайды Алматыда көрген жоқпын. Иә, лас, бірақ басқаша. Мында Астанада мінсіз сұлу жас қыздың қарны шыққан ер адаммен жүргенін үш рет көрдім.

Бастапқыда әкесі, бәлкім, ағасы болар деп ойладым. Бірақ олар сүйісіп жүр. Ер адам май басқан қолдарымен қызды құшақтап, айналасындағыларға көрсете мақтанып отыр. Бізде әдемі әрі бай жігіттер көп, солармен құшақтасқан әлдеқайда жақсы болмас па еді? Әлде жас жігіттер бұл аташкалар сияқты сый-құрмет көрсету, көңіл аулау білмей ме?»-деп жазған.
 
Бұған желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде. Біреулері Байзақованы қолдаса, екіншілері оған өз өмірін дұрыстауға кеңес беруде.

 reactor.inform.kz