Жанболат пен Жазираның 21 жастағы ұлы отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отыр. Жоғары оқу орнын биыл ғана тәмамдаған Қазбек ата-анасының ди⁠ректоры әрі үйдегі шығыс пен кіріске жауап беретін бас есепші екен. Бұдан бөлек, Қазбек Жанболатұлы жұлдызды ата-анасының үш бірдей кәсібін басқарып отырған көрінеді.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Әңгіме болсын” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Иә, анам мен әкемнің ди⁠ректорымын. Жанұямда жалғыз бала болғандықтан, барлық жауапкершілік менің мойнымда. Басқа тапсыратын адам жоқ. Барлығын өз мойныма алу ол менің парызым.

Сұлу көріну үшін барын салатын өнер иелері кімдер? Отандық жұлдыздар пластикалық отаның көмегіне жүгінгендерін айтып берді деп хабарлайды «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сұлу болу үшін отаның көмегіне жүгінген жұлдыздар кімдер? Фото: NUR.KZ

Жұлдыздардың көбісі көзін үлкейтуге асығады екен. Сондай-ақ, олар өздері үй жағдайында қалай күтінетіндерін де айтып берді.

Әншілер арасындағы 20 жыл бұрынғы жанжалдың жалыны әлі сөнбепті. ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова 20 жыл бұрынғы өзіне жасалған қастандықты жария етті.

Мақпал Жүнісованың қазақ сахнасында жүргеніне биыл тура 37 жыл, деп хабарлайды, HIT TV.

Өнер майталманының бұл жолғы назы мүлде басқа. Айтуынша, әнші Бақтияр Тайлақбаев осыдан 38 жыл бұрын Жүнісованың жолын кескен екен.

1,5 жыл бойы жеке өмірін жұрттан жасыруға тырысқан Мөлдір Әуелбекова жақында құпияның бетін ашқан еді. Әнші күйеуі Арыстанмен әлдеқашан ажырасып кеткенін айтты. Мұны естіген жанкүйерлері әнші үшін алаңдаушылық білдірді, деп жазады Stan.kz тілшісі.

31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сұхбат берген Әуелбекова бұрынғы жарының ұлы Салтайды іздемейтінін айтып, жылап қалды.

Тамара Асар 22 жасында аяғының ауырғанына қарамай, сахнада ән айтқан сәтін еске алды. Жақын күндері сол сәтті қайта бастан өткергенін айтты.

“Қазақта жыламаған балаға емшек жоқ” деген сөз бар ғой. Мен өзім іштей “тәкәппар” шығармын, жағдайымды айтып, жылап не сұрап көрмеппін. Аяғымды қайта басып саxнаға шыққан кезде 22 жаста едім. Қып-қызыл юбканың астына ісіктен жуандаған жаралы аяқтан қан сорғалап тұрса да, ән айтып, жымиып төмен қарап тұрған кезімді ешқашан ұмытпаушы едім.