Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Қайрат Нұртас анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековаға арнап «Ауырмашы, анашым» әнін жаздырған. Алайда жаңа әнін тыңдап отырған әнші көз жасын тоқтата алмады, деп жазады Stan.kz.

Желіде Қайраттың анасына арнаған әнін тыңдап отырған сәтін жариялады. Видеодан байқалғандай, әннің әсеріне берілген әнші көз жасына ерік берген.

Ал желі қолданушылары әншінің анасына денсаулық тілесіп, жаңа туындысының сөзсіз хит болатынын айтып жатыр.

«Алла қаласа, хит болайын деп тұр ғой», «Анаңыз жүз жасасын», «Керемет екен», «Анашымды сағындым ғой», – деп жазды Insta-оқырмандар.

 

Stan.kz