Адам өткеннің елесімен өмір сүруден асқан азапты сезіне ме екен? Сезінбейтін секілді. Мен өз сезіміне алданған жандардың басы да жəне соңы да емес екенімді білемін. Білген сайын жүрегім ауырады.  
 
Өз өмірімді салтқа құрбан қылдым. Екі мың он жетінші  жылы ,қараша айының  соңында  "Жетісай "ауданына кездейсоқ  алып қашу салты арқылы  келін болып түстім. Өзім " Бостандық" ауданында туып өскен қыз едім.  Босаға аттағаннан соң кері қайтып келуге арым жібермеді. 
 
Ата-анамда жазымышымнан қашпауға үгіттеді.  Қалдым. Жолдасым  - өзбек ұлтынан.  Бала кезінен бір қызбен аттастырылыпты.  Ол қызбен неге шаңырақ көтермегені түсініксіз. Ал, менің оның өткенінен хабарым болмады. Енді,  аттастырылған қызымен отбасын құрмаса да6 ол қыз мені бағын тартып алғандай көреді. 
 
Екеуінің тағдыр жолының тоғыспағанына мені кінəлі көреді. Жүрген жерінде мені жамандаудан басқа бітірері жоқ. Сыртымнан  бақсы-балгерлерге оқытып жүретінін де қайын əпкелерім айтып жүр.  
 
Қайтесем екен?   Бəрінен тойдым. Жолдасымды бөлек шығаруға көндіріп, бұрынғы қалыңдығынан құтылғым келеді.   Жолдасым ата-анасыннан бөлек кетуге көнбейтініне де сезем. Өткеннің елесімен алысудан əлім бітті. Жолдасым мені тыңдауы үшін не істегенім дұрыс болады?!
 
Мен ешкімнің бағын тартып алған жоқпын ғой.Өзім алып қашудың құрбаны болдым.Маған неге соншалықты  өшігіп жүргеніне таң қаламын.Ертең жамандық жасап жүргені ақиқатқа айналып, ажырасып кетсек не болады?аяғым ауыр, ертең балам  әкесіз өспей ме? Басым қатып кетті.Не істеуім керек?