el24.kz Ақтөбеде теміржол вокзалында жантүршігерлік қылмыс орын алды. 11 тамыз күні таңғы сағат шамамен 05:00-де перронда пойыз бастығына белгісіз ер адам шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ сұққан.

Полиция мәліметінше, жанжал темекі сұраудан басталған. Темекі берілмеген соң, күдікті қолындағы пышақпен пойыз бастығына алты рет соққы жасаған. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда шабуылшы пышақтағы қанды сүртіп, сабырлы түрде оқиға орнынан кетіп бара жатқаны анық көрінеді.

Күдікті – 28 жастағы жергілікті тұрғын. Оның бұған дейін сотталғаны және пробация бақылауында болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда ол қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.