фото tengrinews.kz тен алынды
el24.kz Перизат Қайрат пен анасы 17 миллиардқа жуық мүлікті заңсыз иеленгені үшін сотталды
Астанада "Biz Birgemiz Qazaqstan-2030" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот үкімі шықты.
Екеуі аса ірі көлемде алаяқтық және қаражатты заңдастыру фактілері бойынша кінәлі деп танылып, тиісінше 10 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу мәліметінше, олар халықтан қайырымдылық көмегі ретінде жиналған 3,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жеке шоттарына аударып, элиталық пәтерлер, люкс көліктер, бизнес нысандар мен зергерлік бұйымдар сатып алған.
Сот шешімімен:
- Mercedes-Benz S450, Lexus LX 600 көліктері;
- Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше пәтер мен тұрақ орындары;
- Rebel Flowers компаниясының барлық үлесі;
- Жүздеген миллион теңге мен мыңдаған доллар тәркіленді.
Сонымен қатар, сот оларды қайырымдылық саласында қызмет ету құқығынан 10 жылға айырды. Айыпталушылар үкіммен келіспейтінін білдіріп, апелляциялық шағым түсірмек.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.