«Өзбекнауо» эстрадалық бірлестігі желіге өзінің жалаңаш суреті мен видеосын салатын жұлдыздармен күресіп жатыр. Бұл туралы өзбектің «Жәмият» газеті хабарлады.

«Өзбекнауо» эстрадалық бірлестігінің төрағасы О. Әбдукаххаров

МузАрт тобының солисті Мейрамбек Беспаев музыкалық арналарды басқаратын болса, ең бірінші жалаңаштарды құртатынын айтты. Сонымен қатар, сахнада өнер көрсетіп болғаннан соң, топтың жанкүйерлері қандай сыйлық беретінін де жасырған жоқ.

 

Бұл туралы Мейрамбек Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтты.

 

Ел арасында танымал өнер жұлдыздары жөнінде қаңқу әңгімелер көп. Әсіресе, халыққа әнші-әртістердің жеке өмірі қызық. Соңғы кездері жұрт ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралған Бақыт Шадаеваны сөз қылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Базбіреулер әншіні өзінен 20 жас кіші директорымен көңіл қосқан деп айыптауда. Ел көкейіндегі сұраққа Бақыт Шадаева 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында жауап берді.

“Иә, менің тамаша директорым бар. Ол өте тартымды, кейде ол маған қатты ұнап кетеді. Ол да маған үнемі көңілін білдіреді. Бірақ бұл бар болғаны жұмыс. Сондықтан дәл қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Директорым өз міндетін тиянақты түрде орындайды, соған ризамын. Мен қажетті кезде қажетті орыннан табыламын. Менің костюмдерім, фонограммаларым, қажетті нәрсенің бәрі болады”, – дейді әнші.

дереккөз: Stan.kz 

Мәдина Сәдуақасова мен әнші Ұшқын Жамалбек Моңғолияның Ұлан-Батыр, Баян-Өлгей, Қобда өңірлерінде “Арман елім-ай” концертін берді. Әншінің өнеріне тәнті болған жұртшылық оған ұлттық киімдерін кигізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Мәдина Сәдуақасова Ұлан-Батырда өткізген ән кешінде жұртшылықтың қошеметіне бөленіп, моңғол халқының ұлттық киімін сыйға алды. Сонымен қатар әнші сахна төрінде тәй-тәй басқан бүлдіршіннің тұсауын кесті.

«Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған концерт болған соң, қазақтың салт-дәстүрі тұсаукесерді де сахнада кішкентай Айзереге жасап жібердік. Ал кейін моңғол елінің азаматтары моңғол ұлттық киімін
(шапан)кигізді», – деп жазды әншінің өзі желідегі парақшасында.

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің өнері мен сұлулығына тәнті болып, жағымды пікірлер қалдырды. Кейбірі Моңғолиядағы қандастарымыздың ұлттық киімдері әдемі екенін де айтып жатты.

 

Көптен бері көрінбей кеткен Жұбаныш Жексенұлының шаңырағында үлкен той! Әнші ізінен ерген атұстары Әбілқайырды үйлендіріп, дүркіретіп той жасады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жұбаныштың ұлы Әбілқайыр Абик лақап атымен танымал. Әншінің атұстары өнерден кенде емес. Ол да -әнші, ол да – музыкант. Естеріңізде болса, бірер жыл бұрын Жұбаныш Жексенұлы ұлымен бірге клип түсірген болатын. Ал Әбілқайырдың таңдаған жары өнер әлемінен болғанымен, ұлты – басқа, орыс.