Мальдив аралында  ұлымен демалыста жүрген Ерке Есмахан,өзін аяғы ауыр деп болжам жасап жүргендерге жауап берді.Еркенің  белгілі асаба,әзілкеш Әли Байжұматпен байланысы бар деген ақпарат тараған болатын.Бірақ Ерке де,Әли де бұл жөнінде нақты ақпарат берген жоқ.

«Алдараспан» әзіл –сықақ театры «Қалаулым» туралы қойылым қойды.Бұл YouTube желісінде таралып жағымды пікірлер айтылып жатыр.

«Осы Нұржан өте талантты, əзіл-сықақтың хас шебері,еңбегі зор,ерінбей ізденетін еңбекқор жігіт."Алдараспанда" сен тұр, мен атайын деп тұрған жігіттер, əбден пісіріп тастаған. Керемет,бірінен-бірі өтеді.Қай қойылымын алсаңыз да, мін жоқтай. Мəдениет басшылары осы жігіттің еңбегін елегісі келмейтіндей көрінеді».- деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы Гүлзада Жұманова.

Қыркүйек айында Мөлдір Әуелбекова қыздардан құралған топқа кастинг жариялаған болатын.Алайда, төрт ай бойы Мөлдір олар жайлы жақ ашпады.Енді міне, жас продюсер   әнші балапандарын елге көрсетуге дайын.

« Біздің продюсеріміз  елге танымал әнші Мөлдір Әуелбекова. Бізді  кастинг арқылы іріктеп таңдап алды.Қазіргі таңда біздің бүкіл жағдайымызды жасап,өнерге  талпынысымызды арттырып жатыр» -дейді  топ мүшесі Анеля.

Тойда ән айтып, би билеген Камшат Жолдыбаеваның видеосы YouTubeде жарық көргені сол,көпшілік сынап тастады. Бірі :

«Тойда үлкен де кіші де болады.Жартылай жалаңаш жүргені тым ұят» десе, екіншісі :«ашық шашық, халықтың алдында ұят, ар- намыс жоқ қыз» десіп пікір қалдыруда.

Енді бірі:

« Маған ұнайды Камшат Жолдыбаева. Ол жалаңаштанса солай ақшасын тауып жүр .Онда тұрған ештеңе жоқ» деп, қолдаушылар да табылып жатты.

Тойдың қашан, қай жерде болғаны белгісіз.

· Өзбекстандық әнші Сардор Мамадалиев ,Ақтөбе облысында өртенген автобуста қаза тапқан жерлестері рухына арнап «Жон болам» атты ән арнады.Әннің сөзін жазған Шавкат Рахимов.
· Бұл жөнінде өзбектің ақын қызы Ситора Ахрор; "Сардордың əні - қара нанның қадірін алыста жүріп ұққан жандардың зары. Арманының ақ қағазға жыр түскен, нотаға айналған тұсы. Дүниенің əрбір бөлігінде нанын іздеп жүрген жандардың тағдырын суреттеген шынайы əннің туғанының дəлелі" –деген болатын.