Мальдив аралында  ұлымен демалыста жүрген Ерке Есмахан,өзін аяғы ауыр деп болжам жасап жүргендерге жауап берді.Еркенің  белгілі асаба,әзілкеш Әли Байжұматпен байланысы бар деген ақпарат тараған болатын.Бірақ Ерке де,Әли де бұл жөнінде нақты ақпарат берген жоқ.

   “Сондай кіршіксіз, таза, мөлдір көңілмен сіздерге денсаулық, күш-қуат тілеймін! Қайырлы күн! Майда-шүйда əңгімеге мəн бермей, өмірдің рахатын сезініп жүргенге не жетсін?! Осы сəтте бақытты бола білейік, өмір осы сəттерден тұрады. Қалғаны келеді, кетеді, айтылып-ұмтылады, бақытты сəттер естелік болып қалады. Сондай сəттен қайықтағы “инстелік фотокартинамды” сіздерге зор сəлеммен жолдаймын!

      Айтпақшы, аяғым ауыр емес. Ол үшін күйеуге шығуым керек қой.

Жəне мұндай жағымды жаңалықтар боп жатса, бірінші боп Сіздер өз аузымнан естисіздер! Не болса да, сондай ақ тілек-үміттен шыққан “жалған ақпаратқа” да рахмет! Әумин, айтқандарыңыз келсін”, – деп жазды Ерке әлеуметтік желі парақшасында.