«Алдараспан» әзіл –сықақ театры «Қалаулым» туралы қойылым қойды.Бұл YouTube желісінде таралып жағымды пікірлер айтылып жатыр.

«Осы Нұржан өте талантты, əзіл-сықақтың хас шебері,еңбегі зор,ерінбей ізденетін еңбекқор жігіт."Алдараспанда" сен тұр, мен атайын деп тұрған жігіттер, əбден пісіріп тастаған. Керемет,бірінен-бірі өтеді.Қай қойылымын алсаңыз да, мін жоқтай. Мəдениет басшылары осы жігіттің еңбегін елегісі келмейтіндей көрінеді».- деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы Гүлзада Жұманова.

«Осылай осылай осы передачаны алып тастаса екен мулдем мəн мағынасы тәрбиесі жоқ » - дейді тағы бір әлеуметтік желі қолданушысы Madina Ummu

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана әлеуметтік желінің белсенді қолданушылары «Қалаулым» бағдарламасын жабу туралы ұсынысты Ақпарат Министрі Дәурен Абаевқа жолдаған.Ал ол бұл бағдарламаның тексеріліп жатқаны туралы мәлімдеген болатын.