Қыркүйек айында Мөлдір Әуелбекова қыздардан құралған топқа кастинг жариялаған болатын.Алайда, төрт ай бойы Мөлдір олар жайлы жақ ашпады.Енді міне, жас продюсер   әнші балапандарын елге көрсетуге дайын.

« Біздің продюсеріміз  елге танымал әнші Мөлдір Әуелбекова. Бізді  кастинг арқылы іріктеп таңдап алды.Қазіргі таңда біздің бүкіл жағдайымызды жасап,өнерге  талпынысымызды арттырып жатыр» -дейді  топ мүшесі Анеля.

400- ге жақын қыздардың арасынан таңдап алған сұлулардың  есімі Аяжан,Анеля,Еркежан,Салтанат.Топқа «Назар» деп ат қойылыпты. Алдағы уақытта біздің жоспарларымыз өте көп -дейді Салтанат .Халықаралық байқауларға қатысқымыз келеді.Бұл әр әншінің арманы деп ойлаймын.Және де халыққа ұсынатын бейне –баяндарымыз,әндеріміз  өте көп болады.Алдағы уақытта өнер жолын тастамаймыз деп ойлаймын.

Осы уақытқа дейін он шақты әніміз жазылды.Көктем айларында бейне клиптеріміз шығады- дейді Аяжан.Өнер жолынан қорықпаймыз- дейді Анеля.

Біздің басқа топтардан ерекшелігіміз жанды дауыста ән айтатын боламыз.Түнгі сағат үште оятып жіберсе де,біз сіздерге жанды дауыста күштілеп тұрып төрт дауыста ән айтып беретін боламыз деген қыздар,өздеріне сенімді екендіктерін білдірді. «Той думан» арнасына берген сұхбаттарында.