Көптен бері көрінбей кеткен Жұбаныш Жексенұлының шаңырағында үлкен той! Әнші ізінен ерген атұстары Әбілқайырды үйлендіріп, дүркіретіп той жасады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жұбаныштың ұлы Әбілқайыр Абик лақап атымен танымал. Әншінің атұстары өнерден кенде емес. Ол да -әнші, ол да – музыкант. Естеріңізде болса, бірер жыл бұрын Жұбаныш Жексенұлы ұлымен бірге клип түсірген болатын. Ал Әбілқайырдың таңдаған жары өнер әлемінен болғанымен, ұлты – басқа, орыс.

 

Танымал тележурналист Дана Нұржігіт қазақ музыкасының қандай деңгейге дейін көтеріле алатынын көрсеткен Димашқа алғыс айтты. Ол санасы бар әртістердің Димаштан үлгі алатынына сенімді екенін мәлімдеді.

Бұл ойымен Дана Нұржігіт “Қазақстан” Ұлттық арнасының “Парасат майданы” бағдарламасында бөлісті.

Ел көзінен тасада қалған әнші Гаухар Әлімбекова өзінің тұрмысқа шыққанын, күз айында тойы болатынын мәлімдеді. Бұл жайында «Сұхбат» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

 

«Жолдасымды сәті келгенде елге көрсетемін. Менің мінезім ауыр. Жұбайымның мінезі менен өткен ауыр. Елдің оны көргені маңызды емес, өзім көріп жүрсем болды. Тойды күз айына белгілеп отырмыз. Ол кісіні бір көргеннен ұнаттым. Бір көргеннен ұнату дегенге сенбеген едім, бұрындары», - деді әнші.

Меруерт Түсіпбаева Баян Мақсатқызына тағы сын айтты.


Меруерт Түсіпбаева Баян Мақсатқызына тағы сын айтты, деп жазады Today.kz.

"Алагөзова тақырыптан арнайы ауытқымасын. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда ол менің байымды тартып алып па еді? Оған өшігетіндей? Осы тақырыпты жаба салайын деп қысқа күнде қырық рет ілік іздеп жүрген журналиссымақтарға интервью беруден бас тартып жүрсем. Интервью беріп, анау-мынау деп қоймайды аузымды қышытым.

Зарина Мүслімнің «Сөккен әңгіме» бағдарламасында қонақта болған  әнші Ернар Садырбаев,өзіне жасы үлкен қыздар ұнайтынын айтты.

«Маған қасымда алып жүргенде ұялмайтындай қыз болу керек.Сыртқы  келбетінен,сөйлеген сөзінен өзін ұстауынан,келін болатындай қыз болса деймін. Мен үйдің кенжесімін»деген әнші,журналисттің «Әмреге жасы үлкен қыздар ұнайды деп естідім,оған әке –шешең қарсы келер ме еді?Қалай ойлайсың?Ондай қыз болды ма?»-деген сұрағына , жымия жауап берген әнші: