Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовпен неке қиғаннан кейін тойы болғанын айтты, деп хабарлайды Today.kz "Гәкку" арнасына сілтеме жасай отырып.

"Тұрсын менімен ақылдаспай тұрып үлкен тойымыз болатынын айтып қойды. Бұны БАҚ жарыса айтты. Кейін мен одан "неге олай айттың?" деп сұрасам "қалжыңдадым" дейді. Менің 44-ке келіп ақ көйлекпен тұрғанымды елестетіп көріңізші. Бірақ 2017 жылдың 7 желтоқсанында біз ресми некемізді қидық. Тойымыз болды. Өз-өзіміз болып атап өттік", - дейді Баян Алагөзова. 

Айтпақшы, Баян жаңа тегіне әлі үйренісе алмапты. 

"Жаңа фамилияма әлі үйренген жоқпын. Бұл фамилияға ешқандай аллергиям жоқ. Өте жақсы көремін. Бірақ үйреніп кету үшін уақыт керек", - дейді Баян.