«Қоңыр» тобының экс әншісі  Жазира Кошанова Малайзиядан не үшін қайтып келгенін  айтып берді.

    7-8- жылдан бері шет елде тұрған адамның  менталитеті ,ой-санасы кішкене  өзгереді екен.Екеуміздің сана –сезіміміз бір-бірімізге сай келмеді.Бірге тұрғанда "аузымен тау қопаратын" кісі болғанмен әрекеті жағынан кішкене ақсаңдады  Сосын , ересек кісілерше арада  ұрыс –керіс болмай – ақ , ойласып елге қайтамын деген шешімге келіп  елге оралдым. Және ол ісіме ешқашан өкінбеймін,өйткені шет елде жүріп  біраз нәрсе көрдім,өмірде біраз нәрсе түйдім- деді Жазира. Қазақи  ортада өсіп,қазақи тәрбие алғандықтан екеуміздің көз –қарасымыз сәйкеспеді.

Мейрамбек Беспаев пен Сандуғаш Стамғазиеваның орындауындағы «Сен  болмасаң» әніне   Төреғали Төреәлі  мен Мөлдір Әуелбекова  клип түсірді.Клип «Той думан» каналында  көпшілікке ұсынылды.Көпшілік Төреғали мен Мөлдірдің  актерлік шеберлігін жоғары бағалап,Төреғалиға «тентек болма» деп  өз ойларын білдіріп жатыр.Клип ретро стильде түсірілген.

Төреғали Төреәлі & Мөлдір Әуелбекова - "Сен болмасаң"

Кеше түнде Баян Алагөзованың шет елде демалып жатқанын пайдаланып кеңсесіне ұры түскен.Бұл жөнінде Баян өзінің әлеуметтік желі парақшасында : «Бір қызығы ұрылар қымбат дүниелерге, аппаратура,компьютер мен костьюмдерге тиіспей,тек құжаттарды қолды қылған.Оған бола уайымдамаймын.Өйткені оны жасаған адам тек жақсы дүние табады.Көп уақыт жұмсап,мықты деген аудиторларды шақырып,қыруар қаржыны босқа шашуыңызға болады.Мен адалынан жұмыс істеймін!Ұрлық істеуге тапсырыс берген адамды біліп отырмын.Бұл іс ертелі –кеш анықталады.Сізді табу үшін барымды саламын» - деп жазды.

You Tubeде Мақпал Жүнісова мен Кенжебек Жанәбіловтің «Бақытты болыңдар» атты жаңа клипі жарық көрді.Желі қолданушылары «Клип өте сәтті шыққан,Мақпал апайға бәрі жарасады» деп қолдап,жақсы тілектерін жеткізіп жатыр.Енді бірі бүгінгі туған күнімен құттықтап , қызы Мерейдің қызығын көру нәсіп етсін деп ақ батасын беруде.

TalkLike интернет шоуының 2- санында - Заманауи технология ғылымдарының маманы, Шығыс әдебиеті аудармашысы, IT саласы бойынша халықаралық эксперт және жас технократ Садық Шерімбекпен ашық сұқбат болған. «Қолайсыз сұрақтар» айдарына «Кәмшат Жолдыбаева» деп жауап берген қонақтың сөзі көпшіліктің талқысына түсті.Бағдарлама авторына да бірқанша сын айтылып жатыр.Бірақ журналист