Кеше түнде Баян Алагөзованың шет елде демалып жатқанын пайдаланып кеңсесіне ұры түскен.Бұл жөнінде Баян өзінің әлеуметтік желі парақшасында : «Бір қызығы ұрылар қымбат дүниелерге, аппаратура,компьютер мен костьюмдерге тиіспей,тек құжаттарды қолды қылған.Оған бола уайымдамаймын.Өйткені оны жасаған адам тек жақсы дүние табады.Көп уақыт жұмсап,мықты деген аудиторларды шақырып,қыруар қаржыны босқа шашуыңызға болады.Мен адалынан жұмыс істеймін!Ұрлық істеуге тапсырыс берген адамды біліп отырмын.Бұл іс ертелі –кеш анықталады.Сізді табу үшін барымды саламын» - деп жазды.