Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Қайрат Нұртас анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековаға арнап «Ауырмашы, анашым» әнін жаздырған. Алайда жаңа әнін тыңдап отырған әнші көз жасын тоқтата алмады, деп жазады Stan.kz.

Желіде Қайраттың анасына арнаған әнін тыңдап отырған сәтін жариялады. Видеодан байқалғандай, әннің әсеріне берілген әнші көз жасына ерік берген.

28 маусым - баспасөз күніне орай " el24.kz" порталы үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен еліміздің бес бірдей аймағында сауалнама жүргізіп, аймақтардағы телеарналардағы танымал жүргізушілерді анықтады:

Әнші Мақпал Жүнісова мен Нұрболат Абдуллиннің сахнадан тыс видеосы әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланып жатыр.

Видеода аяқ асты кіріп келген Нұрболаттың түрін көріп Мақпал Жүнісова шошып кетеді.

Әнші жігіттің бетінен сүйген Мақпал апай: «Ей, сен мұрт қойып алғансың ба? Біртүрлі екен. Мынау шын нәрсе ме, әлде жапсырып алғансың ба?..» деп өз таңданысын білдіреді.

Енді болашақты болжауға болады. Сандар арқылы. Танымал нумеролог Жазира Ноғайбаева сандарға сүйене отырып, өнер жолындағы танымал тұлғалардың болашағына болжам жасап көрді.

Бұл туралы «Ел аузында» бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

Белгілі нумеролог Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаеваның биылғы жылдан қалмай тұрмысқа шығатынын айтты.

Ернар Айдардың Зарина есімді фанаты әншіге тоқал болу туралы ұсыныс жасады. Ол Ернардың отбасылы екенін білсе де, оған екінші әйел болғысы келетінін ашық айтты.

Бұл туралы 7-арнаның «Өз ойым» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Бағдарлама барысында «Фанатизм дерт пе?» тақырыбы қозғалды. Онда қонақ ретінде қазақ жұлдыздарының фанаттары келді.