Ән сатуға қылмысқа балаған Алтынбек Қоразбаевқа әншілер жаппай қарсы шықтыАлтынбек Қоразбаевтың қазақстандық композиторларға деген өкпесі қара қазандай. NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Халық әртісі, әнін сатып, қалтасын қалыңдатқан сазгерлердің әрекетін қылмысқа балап отыр.

 

 

 

«Мен әнді сату – өзіңнің денеңнен шыққан балаңды сату» - деп айтамын. Ол өте дұрыс емес нәрсе. Мен бір әнімді ешқашан сатып көрген емеспін. Мен керісінше осы әнімді айт деп, әншінің өзіне ақша беруім мүмкін», - дейді Алтынбек Қоразбаев.

Алайда, Алтынбектің бұл сөзіне наразылық танытқан танымалдар да табылды. Сазгерлердің еңбегін бағаламаған Қоразбаевқа Қайрат Нұртастың анасы қарама-қарсы пікір білдірді.

Ән сатуға қылмысқа балаған Алтынбек Қоразбаевқа әншілер жаппай қарсы шықты

«Жоқ, әнін сатпау керек деген орынсыз пікір. Ол сазгердің тамағы жоқ па, оның бала-шағасы жоқ па? Оның еңбегі бағалануы керек қой. Оны біз құрметтеп, сатып алуымыз керек. Сол кезде ғана әрбір істің мәні болады. Сондықтан да әр нәрсенің бағасы бар. Бағалай білуіміз керек.

 

Ал сазгерлердің барлығы жазып-жазып бере беретін болса, оның қандай қадірі бар? Қадірі қалмайды. Өте дұрыс. Оларда көркейгісі келеді. Үкіметтегілер, сен мынаған тегін беріпсің ғой, мен саған да тегін берейін деп айтпайды. Әркім еңбектенсе ғана табыс табады. Әнін сату керек», - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Марат Омаров өзге елдің әуендеріне жиендік жасаған отандық әншілер, қазақ сазгерлерінің туындыларын насихаттаса да дейді. Өйткені, композитордың өзі де әнін сатып, арнайы қаламақы алатын сәттері болатынын жасырмайды.

Ән сатуға қылмысқа балаған Алтынбек Қоразбаевқа әншілер жаппай қарсы шықты

«Қазіргі шет елден ұрлап жатқан әндерді орындайтын әншілердің қылығы, біздің ұлттық намысымызға тиеді. Шет елдік әндердің қажеті жоқ. Одан да қазақ сазгерлерінің әнін сатып алсын. Қазіргі композиторлар заманауи әндерін сатып жатса, оған ешқандай қарсылығым жоқ. Шығыс шықса, кіріс болады. Берекелі ырыс болады», - дейді Марат Омаров.

Алтынбек Қоразбаевтың сөзін, Нүржан Керменбаев та құптамайды. Қара бала көпшілікке орындаушы ретінде жақсы танылғанымен, оның сазгерлігінен туындаған әндері қалтасына қалыңдатып отырған көрінеді.

Ән сатуға қылмысқа балаған Алтынбек Қоразбаевқа әншілер жаппай қарсы шықты

«Ол күнкөріс қой. Ол сазгердің өзін-өзі бағаламауы деп ойлаймын. Өзінің өнеріне немқұрайлы қарау. Мысалы, мені көбісі білмейді. Композитор ретінде 10-15 әнім бар. Соның өзінен біздерге авторлық құқықтан ақша түсіп тұрады. Оны жасырмаймын. Қанша түсетінін айтпай-ақ қойяйын. Композиторлар сол үшін, яғни табыс үшін де ән жазады. Қаламақы – табыс көзі», - дейді Нұржан Керменбаев.

NUR.KZ