“Дайын асқа тік қасық” болып, әншінің еңбегін тегін пайдаланып жүргендер жетерлік екен.

Жазира Байырбекованың орындауындағы әндердің басым бөлігі тойға арналып жазылған. Әнші тұсаукесерден бастап, қыздарды құтты орнына қондыруға атсалысуға қашан да дайын! Алайда “дайын асқа тік қасық” болып, әншінің еңбегін тегін пайдаланып жүргендер жетерлік екен. Бұл туралы Жазира Байырбекованың өзі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Айналайын қазақтың қыздары-ай! Менің репертуарымдағы әндермен, аранжировкаларыммен жұмыс істеп табыс тауып жүргендеріңізге ешқандай қарсы емеспін. “Кең болсаң,кем болмайсың” – деген бар.

Бірақ менің дауысыммен xалықты қалай алдайсыздар. Ұят қой. Көріп тұрып мен ұялып кетем. Өз дауыстарыңызбен орындасаңыздар да болады ғой… Маған менің дауысыммен осылай жүрген қыздардың видеолары күнде келеді. Не істейін?! Ештеңе істемеймін, ұрыспаймын да. Әркімнің ұяты білсін”, – дейді Жазира.

Бұл орайда желі қолданушылары расымен де мұның ұят тірлік екенін айтқан.