? Назарларыңызға лимон шырынының 15 пайдасын ұсынамыз: 

✅ 1. Құрамында кальций, магний, калий сынды элементтер көп болғандықтан, теріні ылғалдандырып, жансызданудан сақтайды. 

✅ 2. Буын мен бұлшық еттегі ауырсынуды басады. 

✅ 3. Заталмасуды реттейді. 

✅ 4. Ағзадан токсиндерді, өзге де қажетсіз заттарды шығаратын бауырдың жұмысын жақсартады.  ✅ 5. Ангина, тыныс алу жолы инфекциясы, миндалиннің ісінуі сынды аурулардың алдын алады. 

✅ 6. Ішек жолын тазартады. 

✅ 7. Ағзадағы метаболизм құбылысын іске қосады. 

✅ 8. Иммунитетті күшейтіп, қартаюды тежейді. 

✅ 9. Құрамындағы калийдің арқасында күйзеліспен күресуге септігін тигізеді. 

✅ 10. Лимон қосылған су қанды тазартады. 

✅ 11. Артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі. Күнделікті тұтынатын болсаңыз, қысымыңыз 10%-ға дейін төмендейді. 

✅ 12. Құрамында С дәрумені көп болғандықтан, теріні жасартады. 

✅ 13. Оның аяғы ауыр әйелдерге де пайдасы мол. С дәрумені иммунитетті күшейтіп, дүниеге келетін сәбидің сүйегін қатырады. Мұнымен қатар, ми жасушаларының түзілуін тездетеді. 

✅ 14. Шәй қасық лимон шырынын бір стақан суға араластырып ішсеңіз, асқазан қыжылынан арыласыз. 

✅ 15. Ең бастысы, бүйректегі тасты ыдыратады