Көз жасы немесе жылау-жалпы адам денсаулығына пайдалы.Біз барлығымыз да жалпы эмоционалдық стресске бейім тұрамыз.Ал жылау оны жоюдың ең тиімді жолы.Жылау-ауруға қорқынышқа уайымға ал кейде бақыттты сәттерге қуанышқа деген эмоционалдық реакция.Біреулер тіпті,басқа біреудің жылағанына да қарап тұра алмайды.Химиялық тұрғыдан қарайтын болсақ  көз жасының құрамы натрий мен   хлордан тұрады екен.Ал оның көз арқылы  ағып шығып тұрған орнын тазартуы заңдылық әрі пайдалы.

Шындығына келсек көз жасы бізге көмектеседі.Кейбір жағдайда біздің стресс дәрежеміз белгілі бір дәрежеге дейін көтеріліп  жылауға қажетті деңгейге жеткізеді.

ЖЫЛАУ арқылы адам  өзін іштей  қысқан сезімнен арыла алады.Эмоциялардың жинақталуы кейде біздің денсаулығымызға  кері әсерін де тигізеді.Теріс көңіл күйді көз жасы арқлы шығарып тастау  жақсы нәрсе.Сонымен қатар біз жылау арқылы жүректегі артық салмақтан арыла аламыз және емдейміз.Мысалы жылап болғаннан кейін өзіңізді қалай сезіңесіз.Жеңіл ме әлде ауыр ма.Міне жағдайыңыз да осыған байланысты.

 

Жылау стрессті азайтады.Бұл зерртеуден өткен.Жылау арқылы бойды кернеген стрессті бір дәредеге дейін азайтуға болады.Жылаудан соң адам ағзасы гормондар мен химиялық заттардан  тазарады.Сондықтан көзге келіп тұрған  жасты тоқтатуға болмайды.

Жылау  ауруды басады.Ол тағы да суықтау мен тұмаудың алдын алады.Түрлі микробтарды шығару үшін де жастың көмегі өте зор.Жылаудың зиянды жақтары да бар.Шектен тыс аққан көз жасы белгілі бір аурудың  белгсі болуы да мүмкін.Егер шектен тыс жылай бергіңіз келсе арнайы маманның көмегіне жүгінесіз.Ал жылағыңыз келсе ешқашан тежемеңіз қайта іштегіні шығарып көңіліңізді көтеріңіз.

kenester.kz