Жууға болмайтын да азық-түліктер бар. Егер бұл өнімдерді жуатын болсаңыз, зияны екі есеге дейін артуы ғажап емес. 

Тауық еті мен балық 
Тауық еті мен балықтан тағам әзірлемес бұрын оларды жуудың қажеті жоқ. 
Бұл әдеттен тез арада арылыңыз. Өйткені сіз бұл еттерді жуу арқылы ондағы бактериялардың санын арттырып, тіпті, жан-жаққа таралуына себепші болуыңыз мүмкін. 
Егер де балық пен тауық етін жуарда раковинада жуылмаған ыдыстар болса, бактериялардың әсерінен ішек инфекциясының таралады. Сондықтан да қауіптілікті екі есе арттырмас үшін мамандар тағамның дәмін кіргізер бұл еттерді жумауға кеңес береді. 
 
Қызыл ет 
 
Піспеген етті де жуу ұсынылмайды. Мұндай жағдайда тек бактерия таралып қана қоймай, еттің қуырылуы да қиындайды. Сондықтан да шикі етті жумай пайдаланған дұрыс. Жуылған жағдайда қуырмай, бұқтыра салыңыз. Әйтпесе текке көп уақыт жоғалтасыз. 
 
Аскөк 
 
Үлкен супермаркеттерде аскөктерді пакетке орап, қолдануға дайын күйде сатады. Мұндай аскөктерді жуудың керегі жоқ. Себебі оны жуып, кептіріп содан кейін ғана қаптайды. Егер аскөкті екінші рет жуатын болсаңыз, бойындағы пайдалы шырыны мен балғындығын жоғалтады. 
 
Саңырауқұлақ 
 
Шикі ет секілді саңырауқұлақтарды да жумасаңыз да болады. Әсіресе саңырауқұлақтар таза болған жағдайда мүлде суға жақындатпаңыз. Өйткені саңырауқұлақтар суды өзіне тез сіңіріп, дәмін жоғалтуы мүмкін. Жалпы тәжірибелі аспаздар бұл өнімді сулы майлықпен тазалап сүртіп, содан соң бірден тағам жасауға кірісіп кетеді екен. Сіздің де аспаздың жасаған әркетін қайталағаныңыз дұрыс.
 
 Жұмыртқа 
 
Дүкеннен сатып алынған кішкентай ғана жұмыртқаны көпшілігіңіз жумай пайдаланатын боларсыздар. Бұл әрекеттеріңіз дұрыс та. Себебі, құс фабрикаларында тауықтар арнайы торларда ұсталып, тазалық жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Сонымен қатар, ондағы құстарға жұқпалы аурулардан сақтану үшін вакцинация міндетті түрде жасалып, аурудың алдын алады. Осындай тазалаудан өткеніне күмәніңіз болса, тіпті, сальмонеллез жұқтырып алудан қорықсаңыз жұмыртқаны сабынды ыстық сумен жуғаныңыз абзал. 
 
Жұмыртқаны толық пісіріп жеген жөн. Қуырған жағдайда да сары уызын шикілей қалдыруға болмайды. Екі бетін бірдей қызарта қуырған дұрыс. 
 
Макарон өнімдері 
 
Қайнатылмаған макарон өнімдерін жууды айтып отырған жоқпыз. Қазіргі уақытта макаронның қайнатылған түрлері сатылымда бар. Міне, осы піскен макаронды да жуып, тазалықтан өткізудің қажеті шамалы. Таза су оның бойындағы крахмалын жойып, құрғатып жібереді. Мұндай макаронға қанша тұздық салсаңыз да, дәмі кірмейді. Осындай алты азық-түлікті жууға болмайды екен. Мұны біліп жүргеннің артықтығы жоқ. Егер сіз де осындай пайдалы дүниелерді білетін болсаңыз немесе пайдаланып көрсеңіз кеңесіңізбен бөлісуге асығыңыз! 
 
Құрманкүл Өмірзаққызы,