Әділбек Нұрымбет
Содан: қатты құлап бір жерін жазым қылып алмай тұрғанда амалын қарастырайын деп ойладым.
Содан амалын тапқан сияқтымын. Ені 3 см.лік Лейкопластырь тауып алдым үйден. Ұзындығы 3 метр екен. Соны кесіп, кесіп аяқ киімінің табанына жабыстырып қойдым. Сөйтіп сабаққа апарып келген соң: аяғы таймағанын, жақсы жеткенін айтты. Қолына лейкопластырдың қалғанын ұстатып: сабақтан алып қайтарда алдыңғы лейкопластыры түсіп қалса, орнына жаңасын жабыстыра қоярсың деп тапсырып қойдым.
Мұз ұзақ тұра қоймас, ериді ғой.
Ал әзірге осы. Сіздерге де соны кеңес беремін. Себебі травпунктте көктайғақтан жарақат алып келіп жатқандар өте көп. Әсіресе баспен құлап, ми шайқалуы, басын жарып алуы, сынықтан көп.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек ағайын.