АҚШ-тың Калифорния штатындағы университет ғалымдары ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайызын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтады. Бұл – қазақ сахарасының кез келген дерлік жерінде жұпар иісі бұрқырап өсіп тұратын кәдімгі жусан шөбі. Атам қазақ ертеден қастер тұтқан, алыс сапарларға шыққанда ұдайы жанында бір бумасын алып жүрген өскіннің осындай құдіреті бар болып шықты. 

Америка ғалымдары жусанды бұл мақсатқа пайдалана білудің де өз ерекшеліктері бар екенін айтып отыр. Мысалы, оның бір жылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын ғана жойып жібере алады. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік ракты толық құртып жібереді. 



– Тұтастай алғанда, зерттеу нәтижелері артемизинин препаратының рак жасушаларының қарқынмен өсуін толық бақылауда ұстай алатынын көрсетіп берді, – деді зерттеу авторлары. 

Ал Sanofi фармацевтік компаниясы осыдан бастап жылына 50-60 тонна артемизинин өндіріп тұратынын мәлімдеді. 

Дәрі жасау өндірісінде бұрын осынау қышқылтым өсімдіктің сабағы мен жапырағы безгектен емдеудің өте күшті құралы ретінде пайдаланылып келген екен. 

Еске сала кетейік, жақында АҚШ ғалымдары рак ауруларымен күресте революциялық деңгейдегі терапия табылып отырғанын жариялаған болатын. Оның жусанмен қатысты екені енді ғана айтылып отыр.

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан