Ресейлік маман қатерлі ісік тудыратын өнім түрін атады. Сөзінше, химиялық өңдеуден өткен ет өнімдерін көп тұтынатын адамдардың ағзасында обыр дерті пайда болуы мүмкін екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ресейдің онколог дәрігері Андрей Пылев айтып берді. 

Бұған қоса маман тым ыстық тамақ жемеуге кеңес берді. Сонымен қатар алкогольдік өнімдер де қатерлі ісіктің пайда болуын жылдамдататын көрінеді. 

Рактың түзілуіне алып келмесе де, шоколад пен кофені шамадан тыс қолданудың зияны да бар екен. Шоколад пен кофе сүйгіштердің ағзасында патологиялық ауытқушылықтар байқалуы мүмкін дейді Пылев. 

Бұған дейін де ресейлік сарапшылар еттің қатерлі ісікке алып келетіндігін айтыпты. Сол себепті мамандар еттің орнына құс пен балық өнімдерін пайдалану дұрыс деген тоқтамға келген.