Көпшілік адам асқазанның шұрылдауын қарын ашумен байланыстырады. Шынымен де, адам ұзақ уақыт бойы тамақ ішпей жүрсе, асқазан сөлі ауамен араласып, газ түзіледі және ол шұрылдайды. Бірақ бұл жағымсыз белгінің пайда болуының басқа да себептері бар.
 
Ауа жұтып қою
 
Асқазан-ішек жолына тамақпен бірге аздап ауа да түседі. Егер адам жүріп бара жатып тамақ жесе және көп сілекей бөлінсе, жұтқан ауа көлемі артады. Осы артық ауа асқазанды шұрылдатады.
 
Артық тамақтану
 
Асқазан шұрылдауын тек аштық емес, артық тамақтану да ынталандырады. Әсіресе, ол күні бойы тамақ жемей, кешкісін көп және тез тамақ жеген адамдарда пайда болады. 
 
Темекі тарту
 
Темекіге тәуелді адамдардың жиі тәбеті нашарлайды, дәм және иіс сезуі төмендейді. Темекі құрамындағы улы түтін, аммиак және түрлі қышқылдар ағзаны улайды. Ұзақ уақыт бойы темекі шегіп жүрген адамдарда өңештің шырышты қабатына тұз қышқылының әсер ету уақыты артады. Ол үшін өңештің тонусы төмендеп, қыжыл және іштің шұрылдауы басталады.
 
Кей өнімдерді көтере алмау
 
Кейде ағза көтере алмайтын өнім жеген болсаңыз, асқазан шұрылдайды. Әдетте, мұндай тағамда лактоза болады: ішекке оны ыдырату үшін арнайы бактериялар мен ферменттер қажет. Егер олар болмаса, ағза шұрылдап әсер береді. Сондай-ақ газ түзілетін өнімдер де осындай әсер береді. Мысалы: қырыққабат, бұршақтылар, алма, пияз, жүгері, жүзім.
 
Жүйке жүйесі аурулары
 
Іштің шұрылдауы түрлі патологияларды көрсетуі мүмкін. Мысалы, жүйке жүйесі аурулары немесе психика бұзылысы. Үнемі күйзелісте жүретін мазасыз адамдарда асқазан сөлінің бөлінуі артады.
 
Ішек микрофлорасы бұзылуы
 
Біздің ішекте көптеген бактериялар бар. Олар ағзаға иммунды және асқазан жүйесін қалыпты жұмыспен қамтамасыз ету үшін керек. Бірақ дұрыс тамақтанбаған кезде ішек микрофлорасы бұзылады. Асқазанның шұрылдауы – ішек микрофлорасының бұзылуының белгісі.
 
Ауыз қуысы гигиенасымен байланысты проблемалар
 
Іштің шұрылдауы ауыз қуысы гигиенасының жеткіліксіз болуымен байланысты болуы мүмкін. Ауызға тамақпен немесе сусынмен бірге түсетін зиянды бактериялар өңешпен асқазан мен ішекке түсуі мүмкін. Олар ол жақта көбейіп, микрофлораны бұзады. Сондықтан асқазан-ішек жолы жұмысын қалыпта ұстау үшін ауыз қуысы гигиенасын сақтау керек, тіс пен тілді тазалау қажет және стоматологқа уақытылы қаралу керек.
 
Ақпарат дереккөзі: Massaget.kz