Остеопат дәрігер жаяу жүруге арналған жазғы аяқ киімді таңдауға ерекше назар аудару керек екенін айтады. Өйткені дұрыс емес аяқ киім аяқты ғана емес, белді, мойынды және басты ауыртады.
Жазда тәпішке кияюге болмайды, деп ескертеді остеопат.
"Денедегі барлық нәрсе, ең алдымен, бұлшықеттерге байланысты. Бұлшықеттер аяқ пен қолдың ұшынан басталып, бүкіл дене арқылы бас сүйегіне дейін созылатын бұлшықет тізбегіне қосылады. Бұл тізбектердің ажырамас бөлігі де ішкі ағзалар мен сүйектер. Егер буындардың бірінің жұмысы бұзылса, бұл бүкіл тізбектің жұмысына әсер етеді", - дейді Владимир Животов.
Владимир Животовтың айтуынша, тәпішкемен ұзақ серуендемеген жөн.
"Тәпішкелер серуендеуге мүлдем жарамсыз. Мұндай аяқ киімде моншада, аквапаркте немесе жағажайда 100 метрден ары қозғалмаған жөн. Қысқаша айтқанда тәпішке ұзақ жаяу жүруге жарамайды", - дейді дәрігер.
Тәпішке киген кезде аяқ қажетінше жұмыс істемейді, өйткені бұл аяқ киімді ұстау үшін біз бармақтарымызды үнемі аздап бүгіп жүреміз.
"Тұрақты шиеленіс пен демалудың болмауына байланысты аяқтың бұлшықеттері шамадан тыс шаршайды, бұл кернеу аяққа, жамбасқа, арқаға, мойынға күш түсіреді. Күннің соңында үйге қайтып бара жатқанда, адамның арқасы, басы ауруы мүмкін. Метаболикалық өнімдер төменгі аяқтың бұлшықеттерінде жиналып, ауырсынуды тудырады"- деп түсіндіреді остеопат дәрігер.
Дұрыс жазғы аяқ киім қандай болуы керек?
- Жазда сандал тәпішкелерді таңдаңыз. Себебі адам тәпішке кигенде бармақ пен өкше нық тұруы керек.
- Жазғы аяқ киімге қойылатын негізгі талап қысқы немесе маусымнан тыс аяқ киімге қойылатын талаптармен бірдей: олар ыңғайлы болуы керек.
- Жұмсақ және икемді табаны бар үлгілерді таңдаңыз.
Айта кетейік, бұған дейін кардиолог аяқтан білінетін, қан ұйып қалуының 5 белгісін атаған болатын.
Дереккөз: Massaget.kz