Махаббат хикаясы

Ғани  Әлихан

Шыныменде , бұл досымның өз аузынан естігендей қалған өмірін білемін ғой .Енді маған қызық боп тұрғаны Айконың өмірі . Өйткені жаңағы бір сөзінде төсектес болдық дегенді айтқан еді , сұлу қыздың көз жасына қалғаны рас шығар . Бірақ сол Айконы мен қайтып көрмегенмін . Мүмкін әліде ешқашан көрмейтін шығармын .

Өзі сұлудың да сұлуы еді . Тіпті тап қазірде жіпке тізіп сол кездегі сұлулығын суреттей аламын . Дегенмен онан маған не пайда . Болар іс болды , екі ғашықтың тағдыры екі түрлі жолға түсіп кетті емес пе , оны сұрағаннан бұл оны кейін көрді ма екен сол маңызды ғой .

 
- Сонымен Айкомен төсектес болдық дедің ба мен түсінбей қалдым . Түсіндіре кетші деп қайта сұрадым .

Домбырасын тастай салған сорлы жалт қарады . Ия білемін ғой ғашығының атын естігенде қай бейбақ

міз бақпайды дерсің . Жүрек құрғыр темірден жаралған емес , селт етері хақ .

- Кездестім , көрдім . Ол да бір тарих болар досым . Мына қу арақпен сонан кейін жолдас болдым ғой .

Мен негізі жасымда да ішіп қарық қылмағанмын оны білесің . Тап қазірде есіме түсіп есеңгіреп отырмын 

Өзіңе белгілі , мен кластағы бәріңнен де бұрын үйлендім . Келіншегім болған Камиланы жақсы танисың . Онымен ажырасып кеттік . Не деймін , бақытты болса болды . Өзіде бақыттымын дейді екен ғой осы күні.   
Ал осы Камиланы менде жақсы танимын . Осы күн Алматыда тұрады . Ұлым қызым бар дейді . Кезінде

мына бейбақпен біраз тұрып құрсақ көтермеп еді . Бірақ осының бәріне шеше байғұс Камиланы кіналап

жүретінін еститінбіз . Бұл енді біреулер үшін ұсақ - түйек әңгіме шығар , бірақ бір ауыз шынымды

айтайын . Бұл досымның шешесі аса кеткен қатыгездеу кісі еді . Иманы жолдас болсын , өткеннің соңынан мұнан әрі сөз айтпайақ қояйын .

Қысқасы бұл екеуінің тұз несібесі шыныменде жараспады . Сондықтанда шешесі қайтқан соң , қайсібір

жылдары екеуі екі жаққа кетіп тынды . Мұнан ешқандай үміт болмағансын Камила тұрмысқа шықты .

Нәтижесінде бірінен соң бірі үш бала туып , құндақ құшақтады . Ал мына досым басын ұстап бөтелке

құшақтады . Кезінде еститінбіз ішкілікке салынып жүр екен дейтін . Онан беріде ұялы телефон шығып

үзілген арамыз қайта жалғасты . Қоңыраулатып қойып ақыл айтқан болдық . Бірақ жазмыштан озмыш

жоқ , беті бері қарамады . Сондай ақ ол кезде жаспыз ғой , анда - санда қалаға келгенде қонаққа

шақырып сыралататынбыз . Ал қазір ондай жоқ . Ойда жоқта өзі кеп үйге бас сұқпаса мұны іздеп жүретінде заман емес .

Бұрын ғой ол білінбейтін ерсі көрінбейтін . Қазір ұл қызың есейгенде бұл әрине ыңғайсыз . Тіпті өзі де ұялатын сияқты . Сол үшін кей - кейде келдім деп қоңырау соқпаса көбінше үнсіз келіп - кетіп жүр . Ол түсінікті , қанша жерден ішкенмен ұл - қызымнан ұялатыны анық . Әрине бұл бергі жағы . Ал енді Айко жайлы айтсам .
- Төсектес болғанымыз рас досым . Бірақ мұны саған ғана айтып отырмын деп бастады сөзін . Сонымен

не керек , мен содан соң бармай кеттім ғой . Сол кеткеннен мол кетіп екі жыл өткенде біра ақ бардым .

Бұл сонау 1996 - шы жыл . Бірақ жоғарыда айтқанымдай бұрынғы өзіміз тұрған жатақханадан Айконы

таппадым . Іздемеген жерім сұрамаған адамым қалмады . Ешкім білмейді , ешкім танымайды . Ал Саран

қаласына іздеп баруды мүлдем ойламадым . Өйткені ол кезде Камила бар . Оның үстіне ол Саранның

өзінде де тұрмайды . Соған жақын ауылданмын дейтін . Және де келесі жыл оқуға түсемін дейтін . Ол

қандай оқуға түспекші оны да білмеймін ғой . Содан не керек , үмітім үзіле бастады . Ал Камилаға жүрек

құрғырым жылымады . Қысқасы Камиламен тұрғанда Алматыда саудамен айналысқанымызды білесің ғой

, естіген шығарсың . Оған себеп қайынжұрт өз күндеріңді өздерің көріңдер деп біраз ақша берген . Міне

сол ақшаны ойласа келе саудаға салғанбыз . Сондағымыз мектепке қажетті құрал - жабдықтар сату .

Былайша айтқанда " канцелярия " саудасы . Бұл сонау 1998 - 1999 - шы жылдар . Содан бір күні өзіме

таныс жігітпен базарға келіп сыралатып тұрғанбыз . Соңғы жылдары ішсем болды Камиламен тіресіп

қалатынмын . Сол күні де тап сондай болды . Қолымдағы бөтелкені көрген Камила сөйлей жөнелді .

- Арақ ішкенше емделсейші . Доктор сені кінәлі деді ғой деп дүрсе қоя берді . Бұл сөзге қалай шыдайын

, қарсы шаптым . Екеуміз бір - бірімізге қол жұмсамасақта сөзбен біраз жерге бардық . Соңында сөзі

таусылған Камилам бетін басып отыра кетті . Ал біздің мұнымызды көрген сыраласым сол сәтте көзден

ғайып болды . Ол кеткен соң мен қайттім , Камиламды жұбата бастадым . Шынын айтайын сол

Камиламен қанша ұрыссақта қол көтеріп көрмеппін . Ол да менің жеке басыма тіл тигізіп сөйлеп көрмеген . Сонан болар жарты сағатта астан кестеңіміз шығып қайта жарасатынбыз . Мұнда да тап сондай жағдай болды . Жылы сөзіме Камилам жібіп сала берді .

- Ішпеші жаным . Біз де ел қатарлы семья болайықшы . Класстастарыңды көрмейсің бе , солар сияқты

бақытты болайықшы . Айттым ғой саған , емдел деген соң емделші , менің бала сүйгім келеді дейді .

Міне досым , оның тап осы сөзі бар ғой , мені анық құрдымға жіберген сөз . 

- Неге мен кінәлімін осы . Неге мені кінәлай бересің сен қатын . Сорлы құр қалған күнің жоқ қой .

Еркектік қабілетіме күмәнің барма сонда деймін . Ол мені сонда да түсінбейді .

- Сенбесең докторға менімен бірге жүр- дейді . Қысқасы осылай боп бір санасып бір таласып біраз тұрдық . Сонда бар ғой балалығымыз ба білмеймін , базардың қақ ортасында болып жатқан көрініс осы . Бірақта бізге көңіл бөліп жатқан ешкім жоқ . Әркім өз саудасын жасап болып жатыр . Өйткені жаңа оқу жылы таяп қалған . Бұл канцелярия сезоны , қызу сауда болатын кез . Барлық ата - ана мектепке баратын балаларына қаламсаптан бастап дәптерге дейін алып жүрген . Кенеттен үшінші қатарда менен көз алмай қарап тұрған бір қызға көзім түсті ...

( жалғасы бар )