Ғани  Әлихан

Осы Оңтай деген ағамызды екінші әйел алыпты дегенді естігенде ауылдағылардың бірі жаға ұстаса бірі қуанып жатты . Өйткені бұл сонау КСРО құлап қазақ тәуелсіз ел болғаннан соңғы оқиға . Анығын айтсам 1999 - шы жыл .

Сол кездерде жасы 30 - дың үстіндегі жігіт ағасы еді . Және де бұл мұқтаждықтан туған іс деп қараған ауыл ақсақалдары құптай түскен . Өйткені бірінші әйел бір қызды туып беріп қайта құрсақ көтеруге жарамсыз боп қалды .

Мұндайда соңымда тұяқ қалсын десең әрине екінші әйел алғаның жөн . Ол біздің ата - бабамыздың заңында бар . Оған әупірімдеп жүріп бір қыз туған бәйбішеде қарсы болмаған . Сонымен бұл ағамыз жаңа ғасырға екі әйелмен аяқ басты .

Бірақ сол екінші әйелден де ұл болмай екі қызды болды . Шатаспасам тоқалдан туған тұңғышының есімін Гүлайша . Ал бәйбішеден туған қыз есімде жоқ .Міне сол қыз тап қазір жиырмаға келді .Менің қызыммен түйдей құрдас . Алматыда оқитын студент . Ал екінші қыз ауыл мектебінде оқиды . Бұлда студент атанар , өйткені жоғарғы сыныптарда оқып жүр . Бұл өзі сонау совхоз тарқағанда қандайда бір жолмен сол ауылдың біраз техникасымен малын жекешелендіріп алғаны бар .

Қысқасы қолдан келсе қоныштан бас деп жыл өтпей кім болдың Оңтай болдым деп байып шыға келді . Шыныменде сол кездегі жекешелендіру саясаты біраз адамның мұртын майлағаны рас . Бұлда соның кебін киіп қарны қампайып шықты .

Қысқасы екі әйелден үш қызды болған осы ағамыз соңғы жылдары үшінші әйел деп күңкілдеп жүр дейтін . Осыдан бірнеше жыл бұрын ауылдағы елге сыйлы бір ұстазым қайтып жаназасына барғанмын . Сонда мен бұл сөзді өз аузынан естіп тағыда мұқтаждық қой дегенім бар . Өйткені айттым ғой соншама байлыққа ие болар еркек тұяқ керек . Ал қыз бала кісінікі бойжеткенсоң ұяңнан ұшып кете барады . Тек бақытты бол қызым деп қала бересің . Енді ер баланың орны бөлек . Ол сенің өміріңнің жалғасы , қара шаңырағыңның иесі . Міне соны ойлаған ағамыз арадан көп өтпей үшінші әйелді құрықтады .

Ұзынқұлақтан естуімше көрші ауданның қызы . Өзінен 17 жасқа кіші дейді . Жас иіс деп осыны айт , нақтылап айтқанда ағамыз 49 да қыз 32 де . Бұрында екі рет тұрмыста болып , мұныңда соңынан ерген бір қызы бар екен . Осылайша үш әйелмен төрт қызға ие бола алмаған ағамыздың жыл өтпей шырқы бұзыла бастады . Өйткені осы үшінші әйелді алуына о бастан бәйбішесі қарсы болған .

Ал екінші әйел өзің біл деп басын бұғып қалған . Мұныңда бір сыры болса керек , не ойлағанын кім білсін шынттап келгенде бұл бейбаққа бәйбішеден жақыны жоқ . Ал үшінші әйел жайлы қауесетті алдын ала естіген бәйбіше біраз басу айтқан .

Оған есі кеткен еркек қойсын ба әй - шәй жоқ жас келіншекті жетектеп келген . Міне соның жәзірін бүгін тартып тарыға бастады . Өйткені үшінші әйел келісімін бергенде ауданда тұрамын деп шарт қойған . Бірақ бұл ағамызға ауданнан үй әперу проблема болып па жас сұлуға есі кетіп мақұл дей салған . Оның үстіне ауданмен ауыл арасы алыс емес астындағы жол таңдамайтын Djeеpке ары кетсе екі сағаттық жол . Күнде барып келіп тұрам деп ойласа керек .

Жаңылмайтын жақ сүрінбейтін тұяқ жоқ деген ғой ,бұл ағамыздың жаңылған жері осы болды . Қысқасы кіші тоқал ауылда көп тұрмай қалаға кетті . Оған Оңтай ағамыз оңтайлы жерден үлкен үй сатып әперді . Кәрі шешемді қалдырмайын деп қасына шешесін алдырды . Мұнысы дұрыс енді анаңнан жақын кім бар дейсің . Бірақ күнара қалаға кетіп отырған байға енді ауылдағы екеуі қарсы шапты .

Біз кімнен кембіз малмен мал боп жүре беремізбе деп әсіресе екінші әйел қатты қолқа салды . Енді бұл екінші әйелдің жағдайын жасауға кірісті . Кіріспей қайтсін онан екі қызы бар , не қалайсың деді . Кіші тоқалдан қалғысы келмей бұл тіпті Алматыдан үй сұрады . Қызың сонда оқиды мына қызды да сонда апарамыз қашанғы пәтерде тұрады деп миды жеді .

Бұған шыдамаған ағамыз Алматының қақ ортасынан екінші қатынға екі бөлмелі үй әперді . Осылайша үш қатын үш жақта тұрды . Ауыл сыртындағы қоныстың басында бәйбіше қалды . Екі қызға қараймын деп екінші тоқал Алматыға кетті . Ал ең кіші тоқал ауданда шешесі бауырларымен тұрып жатты . Міне осыдан соң екі аяқпен жүрген ағамыз үш аяқпен жүгіруге қарады . Жүгірмей қайтсін үш қатын үш жерде тұрады .

Үшеуінеде барып тұру парызы бар . Осылайша тығырыққа тіреліп шаруашылықта тоқырау басталды . Оған себеп үшінші тоқалдың құрсағы болды . Арадан көп өтпей бала көтерген жас тоқал бәріне әмірін жүргізіп үстемдік құрды . Тіпті бәйбішеніде соңғы орынға сырғытты . Қысқасы құрсағымда ұл бар деген кіші тоқалдың мерейі бәрінен үстем болды .

Енді міне үш аяқтап жүгірген ағамызға төрт аяқтап еңбектеуге тура келді . Соңғы рет бар күшін жинап үшеуінің басын қайта қоспақшы болды . Оған ұлыңды туып берем деген кіші тоқал иіле қоймады . Мұнысы әрине алғашқы екеуіне ұнамады . Қысқасы үш әйел үш жаққа тартты . Қолдарын жайып ақша сұрағаны сұраған болды . Сөйтіп жүріп інім жұмыссыз қалды көлік әперсең тәксишілікпен күнін көрер деген кіші тоқалдың бұйрығын орындады . Мұны естігенде екінші тоқал айға шапты . Өз қызың жаяу жүрғой көлік әпересің деп тұрып алды . Бұл сорлы мұныңда бұйрығын бұлжытпай орындады . Енді бұған бәйбіше ашу шақырды . Мал жанның бәріне неге менғана қарауым керек . Неге маған ел қатарлы өмір сүрмеске . Неге олар қалада мен далада тұруым керек деп соқты . Осылайша ырду - дырду өмір басталды . Сондағана Оңтай ағамыз өзінің оңбай жаңылғанын түсінді . Бірақ бәріде кеш еді ...

жалғасы бар...