#егіз жүрек
 
Есіктің сықырынан екі жаққа қаштық емеспе, ішкі бөлмеден сығаласам қарны қабақтай боп қызыл жағалы мент тұр . Қолтығында бір бума қағазы Ускенова , Ускенова — дейді . Киімін киген жеңешем орамалын тағып шықты . Содан өзара әңгімелері басталды . Сөздеріне қарасам бұрыннан таныстар сияқты .
- Сонымен ақшаны көрмедіңіз , білмейсіз ?- дейді мент .
- Жоқ , көргенім жоқ . Ол үйге ақша әкелген жоқ . Ол сол күні үйге келген жоқ дедім ғой сізге !— дейді жеңешем .
- Ақырын сөйлеңіз . Соучастник боп кетудің аз ақ алдында тұрсыз , соны білесіз ба ?-деген мент енді қоқан - лоқыға басты . Мына сөзді естігенде қалшылдап кеттім . Қызғанып барамын , сотталып кетсе қайтемін . Мен бұл жеңешемсіз қалай өмір сүремін мұнсыз өмір жоқ енді маған . Ойымды тағы да сол мент бөліп жіберді .
- Солай қарындас . Жолдасыңыз сотталып кеткенімен іс әлі жабылған жоқ . Ақша табылмағанша жабылмауы мүмкін . Өйткені ол өкіметтің ақшасы . Негізі бұл істі жапса болады оған мен ғана көмектесе аламын сізге . Жолдасыңыз кетті ғой енді . Ең жақсы жүрді дегенде он жылда келеді . Оған дейін бізде мүмкіндік бар емес пе ?-деп қарап тұр . Е шшс сенің, мент сука не деп тұр өзі . Кәдімгідей менің жеңешеме сөз салып тұр ғой тіпті . Атып шығып аузына бір ұрсам ба екен ? Қой ,ойбай қой , олай болмайды . Ағамның соңынан зымырап кетіп отырсам жеңешем мына шикі сарыға қалады . Онан да құйрығыңды қыста жата бер Сакон . Бір кезде күбір қайта шықты . Енді менің жеңешем сөйлеп жатыр .
 
- Мен сізге айттым ғой , болмайды дедім бе, болмайды . Егер осы болмайды дегенім үшін соттайтын болсаңыз мен дайынмын . Байымның соңынан кетіп отырамын . Қарғысымнан қорықпасаңыз зорлаңыз . Қолыңыздан не келеді , бәрін жасаңыз . Егер де келмесе , мені мазаламаңыз . Енді келсеңіз үстіңізден сотқа арыз жазамын не болсақ болармыз - деді . Мына сөзден соң менттің үні өшіп кетуге ыңғайланды .
 
- Жарайды , ренжімеңізші қарындас . Мына істі үйтіп бүйтіп жабармын сіз ренжи көрмеңізші маған . Бірақ бар ғой сіз ренжісеңіз өте сұлуланып кетеді екенсіз . Кешіріңіз мен кетейін . Барып мына істі қалайда жабудың жолын іздестірейін , сау болыңыз деп шығып бара жаты . Соңынан үнсіз ғана көзбен шығарып салған жеңешем есікті тарс жапты . Ее десей . Менің жеңешем бар ғой, ақылды ғой өзі ақылды . Көті бір уыс болған шығар ана менттің . Конкретно отпор берді ғой өзіне , ииижанымсол менің жеңешем . Ешкімге бермеймін сені ешкімге отвечаю деп келіп мойнына асылдым . Сонымен таза төсекке қайта құладық . Алайда жеңешемнің бұрынғыдай ынтасы болмай салқындық танытты . Көңіл күйі болмай тұрған шығар деп мен де үндемедім . Бірақ менттен оңай құтылған жеңешем менің мамамнан қашып құтыла алмады . Өйткені соңғы күндері маған деген көзқарасы қатты өзгерген мамам ,сөйлесейік балам дегенді шығарды . Басында кейін - кейінмен сытылып кетіп жүрдім . Бір күні таң алдында ұйықтап жатқанымда келіп оятып алды .
 
- Тұршы балам сөйлесейік дейді .
Ұйқылы ояу: « не болды мам !» деп сұрадым .
 
- Тұр балам , сөйтте киініп ал . Мен шыға тұрайын - деді . Жалма - жан киініп алдым . Мамам қайта кіріп отырмастан терезе алдына барып тысқа көз жүгіртті .
 
- Түнде қайда болдың балам, шыныңды айт- деді .
 
- Достарыммен қыдырдым- дедім .
 
- Ендеше бері кел балам- деп өзі даланы меңзеді . Ұшып тұрып жетіп бардым . Қарасам жаңа жауған қар бетінде менің іздерім жатыр . Жеңешемнің терезесінен шығыппында өзімнің тереземнен кіріппін . Міне саған аймандай айғақ , енді мамамнан құтылып көр .
 
- Мен мына іздің соңына түссем мына қатынның үйіне барады . Және де бұл бірінші рет емес . Бірнеше рет байқадым . Алдыңғы күні магнитофоның қосулы қалғанға өшірейін деп келсем сен жоқсың . Демек терезеден шығып кеткенсің .
Балам , егер мені ел алдында қарабет болмасын десең бәрін доғар . Саған айтар ақылым осы болсын . Мен мына келінге ештеңе демеймін . Түк болмағандай боп бұрынғыдай сыйласып жүре беремін . Өйткені бұл біздің құдай қосқан көршіміз . Қысқасы сен сөзіңде тұрып , уәдеңді бер . Қайтып мына келіншекке жоламаймын де . Жігіт болдың ғой енді , сөзіңде тұрарсың деп шығып кетті .
Ал керек болса !
Өлген жерің осы сенің Саконтай деші . Қазір шәй басына келгенде жауап алары хақ . Және солай болды да .
 
- Не айтасың балам?- деп қайта сұрады . Үндемей отыра бердім . Шәйін ішсін деді ме ,мамам үнсіз қалды . Бірақ білемін менің мамам енді үнсіз қалмайды . Тағыда сөзге тартты .
 
- Балам , сен мені әліде түсінбеген екенсің . Қоясың ба ,жоқ па соны айт ? Саған мен айттым ғой , егер сен қойдым деп уәде берсең мен мына келіншекке жақ ашпаймын . Жабулы қазан жабулы күйінде қалады . Сені мен менің ғана арамызда қалады . Мына келіншек ештеңе білмесін . Сен тек доғарсаң болды . Бұл келіншек қатарың емес қой , теңің де емес- деді . Жалт қарадым .
 
- Неге олай айтасыз , менің қай жерім артық екен мам . Теңім де сол ,басқам да сол, басқа ештеңе білмеймін деп жата кеттім . Сонда ғана іс насырға шауып өтісіп кеткенін сезген мамам көз жасын төкті .
 
- Құлыным қой дегенде қойшы , басқа да қыздар көп қой — деді .
 
- Қоя алмаймын мам- деген сөз аузымнан шығып кеткенін байқамай қалдым . Енді міне , оңбай қателескен ұлы барын мамам да түсінді . Құшақтап отырып жылай бастады .
 
- Қоймасаң болмайды балам , қоюға міндеттісің . Сен жігітсің ғой жігерлі бол . Өзің ойлашы ел - жұрт естісе не болады ?-деді .
 
- Ел жұртыңды білмеймін мам . Тап осы келіншектен айырсаң онда маған өмір жоқ , араласпаңыз деп бір ақ қайырдым . Мамам онан сайын жылап берді . Ебіл - дебілі шығып көз жасын көл қылды .
 
- Қайдан ғана көшіп келді мына қаншық . Құртқан екен ғой сені құлыным -деді . Ұндемей біраз жаттым . Сол сәтте расыменде маған осы келіншексіз өмір жоқтай көрінді . Айрылғым келмеді , қимадым ешкімге қимадым . Еркек тоқты құрбандық деген бар . Осы келіншекпен бірге өлемін деп шорт кестім . Мұны естіген мамам басын жұлып алды . Көз жасын сап тыйып көгеріп кетті .
Шошып қалса керек !
 
- Ендеше ертең жол жүреміз дайын бол !- деді .
 
- Мен ешқайда бармаймын деп тағы да қасарыстым . Енді мамамның амалы таусылды . Барар жері , басар тауы қалмады . Бұрынғы сөздерін тағы да қайталап ақылға шақырды . Онысына мен келіспедім . Және де ешқашан келіспейтінімді айттым . Осылайша мамамды отпен судың ортасында қалдырдым . Сөйтіп жүргенде жаңа- жыл жақындай түсті . Жеңешеммен әмпей - жәмпейім тиылмады . Зып беріп күнде барып кеп жүріп бетіміз ашыла бастады . Бет түгі көтіміздің де ашылғаны қашан . Оны мамам біледі , жеңешем білмейді . Оның ойынша ешкім білмейді боп жүр . Меніңше де мамамнан басқа ешкім білмейді деймін . Сөйтіп жүргенде жаңа жыл күні шешесі келді . Шашы аппақ өзі сап - сары әйел екен . Жас шамасы мамамдар қатарлы . Бірақ өз жасынан едәуір жас көрінеді . Мұны көрген мамам тамаққа шақырып барын үйіп төкті . Құдағиын сыйлап жатыр деп мен жүрмін . Қайыненең келді деп сыбырлап жеңешем де мәз . Алайда мен мамамның дайындап қойған тосын сыйы барын білмеген екем …
 
Жалғасы бар...