Болған оқиға желісімен...

4- бөлім

"Алладан безген сорлы бейбақтар"- деп, атап жүрген әйелдердің тізіміне өзімнің қалай кіріп кеткенімді түсіне алмай қалдым. Қайын ағамды көрсем делебем қозып, құмар қысып, ақылынан айырылған адамдай, өз іс әрекетімді тізгіндей алмай беймәлім күйге еніп, тұла бойым балқып, шекемнен терім сорғалап кете беретін күнге жеттім...


" Ағаң секілді кішкене мақтау сөз айтсаң болмайды ма? Ағаң секілді.... Ағаң секілді... "- деп, нағыз жанашыр ер азаматымды, ессіз ер емес, ез ағасымен салыстырып, күндіз түні миын жеп, өзімнің ақымақтығымды түсіне алмай жүрген күндерім есіме түссе, өз - өзімді қамшымен осып - осып жібергім келеді. Барды бағаламай, есі кеткен ессіздерге еліктеймін деп өз ақыл - есімнің қайда кеткенін ұғына алмай қалдым.



Шайтанның арбауы ма? Әлде өзімнің көрсе қызар нәпсімнің жеңістігі ме? Әйтеуір жолдасым жоқ болса бөлмеге тығылатын мына мен, ендігі кезекте ол жоқ болса етек жеңімді қысқартып, қайын ағамның көзіне түсу үшін әбігерге түсетін болдым. 

Кейде тіпті оның үйге келмегенін қалаған кезімде болды. Жындының сандырағы келеді деп, жолдасым біреудің жүгін артып екі күнге басқа қалаға сапарға кетті. Сол кезде ессіз адамдай қуандым - ау шіркін. Оның келмесін біліп, нәпсімнен бір жола жеңіліс тауып, арым, ақылым бәрі бір демде жоқ болды. Есіл дертім, әлгі бақытқа шаттыққа бөленген әйелдердің орнында бір сәт болып, қайын ағамның құшағында болу болды. Еш уақытта мені жалғыз қалдырмау үшін өзге қалаға іс сапармен бармайтын жолдасымды, менің пейілімді байқап шайтан алып кеттіме білмеймін әйтеуір, арам ниетімді жүзеге асыруға барынша тырыстым.

Сол екі күн менің өмірімдегі орны толмас қателікке бой алдырып, ақылымнан адасып, өз - өзімді жек көруіме себепкер болған күн. Өкінгеннен не пайда? Өткенім қайта келіп, қателігімді түзей алмасам. "Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді"- дегендей, өзім жылтыңдап қайын ағама көз сүзіп, алдынан ары бері, қалауымды іс қимылым мен білдіргендей болып кесе көлденең өте бердім. Олда мені көп қинаған жоқ. Бұл істің маманына айналған қайын ағам мені бірден түсіне қойды. Жуынатын бөлмеге кіріп есікті ашық қалдырғанымды байқаған қайын ағам артымнан еріп кіріп келді.

Бірден беріле кетпей, аздап назданып үн қаттым.

- Мұныңыз не? Шығыңыз бөлмеден.

- Қойшы келінжан. Сенің көксегенің осы емес пе? Ендеше неге тартынасың? Кәне кел.


- Не айтып тұрсыз? Кетіңіз.

- Сенің өтірік айтып тұрғаның көзіңнен - ақ көрініп тұр. Қысылма. Кәне жақында маған.

- Жо- жоқ. Өтінем кетіңіз.

- Тәнің неткен сұлу еді. Тұла бойыңда бір мін жоқ. Кәне келші құшағыма....

Осындай адамды баурап алатын, жылы сөздерімен, мені одан әрі ақыл есімнен айыра түсті. Қайын ағамның құшағына құлай кеткенім есімде, одан кері ес жиғанымда бәрі кеш еді. Не бүлдіргенімді өзім сол кезде бірақ ұқтым. Қайын ағам өз ісін бітірді де қайырылып артына бұрылмай бөлмеден шығып кете берді...
-Сіз не істедіңіз? Не бүлдірдік?

- Мен не істесем де, бәрі сенің қалауыңмен болды. Менің жазығым не? Өзің емес пе осыны қалаған?

Ия ол кісінің сөзінің жаны бар. Өзім ғой осылай болуын қалаған. Біз адамдар қызықпыз ғой. Өзіміз кінәлі бола тұра, біреуді айыптауға дайын тұрамыз. Ешқашан кінәні өзімізден іздемейсіз.

5- бөлім

Бұрындары айнаға тек бетімдегі күйіктен қалған дақтар мен тыртықтар үшін қараудан қашушы едім. Сол күні үлкен айнаның алдына өз-өзіммен бетпе - бет келіп  тілдестім.


- Сен кімсің? Қандай адамсың өзің? Нәпсіңді жеңе алмай осындай лас әркетке барғаның қалай? Бұрындары Алладан жақсы жар сұраушы едің. АЛЛА ТАҒАЛА оны саған сыйлады. Ендеше сол адал жарыңа неге қиянат еттің? Оның жанарына сені сүйген мөлдір таза көздеріне қалай тіке қарайсың? Оның құшағында жатып, осы әрекетің үшін ұялмайсың ба? Неге? Саған не жетпеді? Кеше ғана арсыз, тексіз, надан санап жүрген әйелдерден сенің айырмашылығың қалды ма? Айтшы? Осы сұрақтарға жауап бере аласың ба? Жо - жоқ. Сен бұл әрекетіңді ақтай  алмайсың. Енді сол бір сәттік ләззат үшін, өміріңнің соңына дейін өз ар ұятың мен күресіп өтуге мәжбүрсің.

Айнадағы өз бейнемнен жиіркендім. Айнаны қиратып майдалап сындырдым, айналамның ойпан - тойпанын шығарып, құтырған мақұлыққа айналдым. Үстімнен екі сағат бойы мұздай суды құйып жуынып шайынсамда, өзімді лас харам сезіне бердім. Өз - өзімді жек көріп жиіркене бастадым . Өзімнің денемді тырнағым мен осып, шашымды жұлғанымды бір- екі сағат өтіп тынышталған соң ғана байқадым. Денемнің бәрін жарақаттап тастаған екенмін. Бірақ ол жарақаттардың ауырғаны жан азабымның қасында түкке тұрғысыз еді. Неге ол әрекетке барғанымды өзім түсіне алар емеспін. Жан жолдасымның маған айтқан әр - бір жылы лебіздері есіме түсіп, жан азабы одан әрі өзегімді өртей түсті. Өзімді өлтіругеде оқталдым. Бірақ қолымнан келмеді.

Ол келсе оған қай бетіммен қараймын? Екі күн бойы төсектен тұрмай жолдасымның әр бір қылығын еске алып, маған деген махаббатын сезініп жылаумен болдым. Әттең осы сезімдерді қателікке бой алдырмай тұрып ұқсам ғой шіркін.


Тек жолдасымның ғана емес, ата - анам бауырларымның да жақсы тұстарын еске алдым. Адам өзі нені қаласа соны көреді деуші еді. Мен тек олардың ұрсып, жекірген сөздерін естіп, жаман тұстарын ғана елеп жүрген екенмін. Олардың бойынан тек жаманшылықты іздеп тұратынымды кеш түсіндім. Сол қателік маған үлкен сабақ болды.

Жолдасым келер кезде орнымнан тұрып, жарақаттарымды жақпамаймен бүркеп, өзімді ретке келтіріп, сүйікті асын дайындап күтіп алдым. Есіктен кіріп қарасы көрінген бойда мойынынан құшақтап, құлағының түбінде шын жүрегіммен "" кешірші мені "- дегенімді, оның көздері оттай жанып, не болғанын түсіне алмай сасқалақтап қалды. 

Бір емес себебін айта алмай жүз мәрте кешірім сұраған болармын. Аузымнан басқа сөз шықпай, өңешіме бір нәрсе тығылып, дем жетпей жүрегім қысыла бастады. Әрең дегенде есімді жиып, қалтырап дірілдеген қолдарым мен ас - ауқатын бердім. Түн уақыты келіп, сағынышын білдіріп, денеме қолы тигенде, көзімнен жас субұрқақтай атыла кетті. Ол қаншама рет сұрақтың астына алса да, еш жауап бере алмадым. Не айтар едім? Сол күйі жабулы қазан, жабулы күйінше қалды. Әр түнде ол жаныма жақындағанда сол бір жиіркенішті түн көз алдыма елестеп, өзімді жек көріп кетемін. Бір неше минуттық қателігімнен өмірімнің соңына дейін жететін сабақ алдым.

Мені қоғамнан алыстатқан өзгелер емес өзім екенмін. Ел жұрт күлсе болды өзімді қапасқа тығып алып шықпай жатушы едім. Ел айтса не болыпты?" Ит үреді керуен көшеді"- деуші еді..Мен сол иттердің үргенінен қорқып, керуенімді бір қуыста қалдырып қойған секілдімін. Олар келеке етіп күлгені үшін өзімді көп дүниеден оқшаулап, бар қызықтан құр қалып, соны сылтауратып жұмыс істемей үйде жатып алып Абай атамыз айтқандай қарнымның тоқтығы, жұмысымның жоқтығынан шайтанның арбауына түсіп қалғаным үшін өзімді жек көремін.

Адамдардың бәрі бірдей емес екенін түсіне алмаппын. Менненде жағдайы мүшкіл жандар, біреулер арбамен жүріп жұмыс істеуде, қолы жоқ жандарда өз кәсібін жасап жүргенін көргенде, аяқ қолым бүтін бола тұра болмашы бетімдегі тыртықты желеулетіп жұмыс істемегенім үшін өз өзімді жек көремін.

Адамдардың тек жаман тұстарын көріп, олардың жақсы тұстарын елемегенім үшін өз - өзімді жек көремін.

Өзімнің мінез құлқымды ой елегінен өткізбей үнемі өзгелерді айыптап, біреуді кінәлайтыным үшін өз - өзімді жек көремін.

Бізді аш қалдырмау үшін күндіз түні тыным таппаған әке шешемді жазғырғаным үшін өз - өзімді жек көремін.

Бұрындары менненде жағдайы жаман адамдар барын біліп, өзімді сол жандар мен салыстыра отырып тәубеме келіп шүкіршілік етіп жүруші едім. Алланың барын ұмытып, тәспімнен жаңылып, тура жолдан тайғаным үшін өзімді жек көремін.

Ақыл мен иманымды бойымнан жойып, нәпсінің құмарлықтың құрбанына айналғаным үшін өз - өзімді жек көремін.

Қазір жолдасыммен жағдайымыз жақсы, ұл қызым болсада, сол бір қателігім үшін, және оны жолдасыма айта алмағаным үшін өз - өзімді жек көремін.

Қанша тырыссамда бұл сезімнен құтыла алмадым.

Ал қайын ағама келер болсақ... Ол кісі әлі де бізбен бірге тұрады. Дәрмені құрып, бетін әжім баса бастағанда жұмысы тоқырауға ұшырап, тұтынушыларынан айырылып, не бала жоқ, не әйелі жоқ. Есінен адасып, шын ұмыттыма, өтірік пе? Ол жағы бір Аллаға және өзіне аян, өткенін ұмытып, есінен алжасып, бір бөлмеде қамалып, қу тізесін құшақтап өмір сүріп жүр.


Сіздерге айтарым, өмір бойы мен секілді өз-өзіңізді жек көріп, ар азабы мен күресіп өтпес үшін әр бір істі жасар алдында тереңірек ойланыңыз! АДАМНАН ЖАСЫРҒАНЫМДЫ АЛЛАДАН ЖАСЫРА АЛМАСЫМ АНЫҚ. ЖӘНЕ ДЕ АЛЛА АЛДЫНДА ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАТЫНЫМДЫ ЖАҚСЫ БІЛЕМІН. СІЗДЕ ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ.
﴿ليْسَ كَمِثْلِهِ شَيْءٌ وَهُوَ السَّمِيعُ البَصِيرُ﴾ «Оған (Аллаға) ұқсайтын ештеңе де жоқ әрі Ол бәрін Естуші һәм Көруші» (Шура, 11). ﴿إِنَّ اللَّهَ كَانَ سَمِيعاً بَصِيراً﴾ «Шындығында Алла бәрін Естуші һәм Көруші» (Ниса, 58).

Құпия автор

Соңы